Желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді

Көкшетау қаласында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы бір топ ақмолалықтармен кездесу шарасы болып өтті.

Мәңгілік елдің босағасын бекітер бүгінгі жас аға ұрпақтың өткенінен тағылым алып, жастар өз тағдырларына өздері иелік ететін азамат болып қалыптасуы болуы үшін, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалардың ортасында болған аға-апаларын көрсін, әңгіме өнегесін естісін, тарих беттеріндегі шежірелі сәттерді еске түсірсін деген мақсатпен ұйымдастырылған тағылымды шараға Ақмола облысы ішкі саясат бақармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева, ардагерлер, қоғам белсенділері және желтоқсаншылар қатысты.
Гүлжанар Шөкеева желтоқсаншыларға облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің сәлемі мен құттықтауын жеткізіп, Тәуелсіз Қазақстанның 27 жылдағы жетістіктер мен Ақмола облысының әр саладағы табыстары туралы айтып берді. Басқарма басшысы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың рөліне ерекше тоқталды. Кездесуде желтоқсаншыларға Алғыс хаттар мен кәдейсылықтар табыс етілді.
Кездесуде сөз сөйлеген желтоқсаншылар Қазақстанның тәуелсіздігін жақындатуға сеп болған, кеңестік қызыл империясының іргесін шайқалтқан әйгілі 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасын еске алды. Сонымен қатар, жиында «Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің директоры, жазушы, драматург Жабал Ерғалиев, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл, желтоқсаншылар атынан Ерден Төлеген және бірқатар азаматтар сөз алып, Елбасының жүргізіп отырған салиқалы саясаты мен Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі мен өзіндік орны туралы айтып берді.
Шара соңында жиналғандарға облыстық ішкі саясат басқармасы әзірлеген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның егемендігі мен мемлекеттілігін нығайтудағы рөлі және Елбасының сыртқы саяси бас-тамалары, әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның халықаралық мәртебесі мен беделі айшықталған «Тәуелсіздік шежіресі» бейнеролигі назарға ұсынылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар