Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Денсаулығы сау жастар – ұлттың сенімді болашағы - АРҚА АЖАРЫ

Денсаулығы сау жастар – ұлттың сенімді болашағы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын өзінің қазақстандықтарға арнаған Жолдауында денсаулық саласын дамытуға, халықтың денсаулығына жете көңіл бөліп, осы орайда өзекті мәселелерді шешу жолдарын көрсетіп беріп отыр. Мұндағы түпкі мақсат – отандастарымыздың денсаулығын жақсарту арқылы олардың өмір жасын ұзарту. Осы бағыттағы негізгі мәселелердің бірі – туберкулез ауруының әлі де болса халық арасында орын алуы.

Бұл ретте тағы да Елбасы сөзіне оралсақ, «5 әлеуметтік бағдарламада» жоғары білім беру сапасын және оған жастардың қол жетімділігін арттыру, олардың тұрмыс жағдайларын жақсарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Осы тұрғыда Үкіметке қосымша 20 мың грант бөлуді тапсыруы жастарға нақты қамқорлық деп білеміз. Өйткені, мұның өзі төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикаға қажет болып отырған мыңдаған мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Елбасы өз сөзінде жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесінің өткір тұрғандығын атап өтті. Осы міндетті табысты іске асыру үшін студенттердің оқуы мен тұрмысына тиісті көңіл бөлінуі керек. Бұл ретте, Мемлекет басшысы 2022 жылға дейін кем дегенде 75 мың жаңа студенттік жатақханалар құрылысын қамтамасыз етуді тапсырды. Ал, 2018 жылдың 5 қазанындағы кезекті Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау жөнінде ұсыныс білдіріп, барлығымызды Қазақстанның болашағы – жастарды қолдауға шақырғаны белгілі.
Бүгінгі таңда облыстың жоғары оқу орындарында он мыңнан астам студент, орта арнаулы оқу орындарында 21500 оқушы оқиды. Олардың шамамен елу пайызы ауылдан келген жастар. Біз осы жастардың 25 пайызға жуығы жатақханаларда орын жетпегендіктен, пәтер жалдап тұратындығын білеміз.
Мұның күнбе-күн көрініп отырған зардаптары қандай? Олар аз емес. Біріншіден, жалдамалы пәтерге төленетін пәтерақысы. Ол көптеген ата-аналардың қалтасын қағуда. Кейбір студент жастар жоғары және орта арнаулы оқу орындарына оқуға түскен алғашқы күндерден тұрмыс тауқыметіне байланыс-
ты түнгі ауысымға жұмысқа орналасады. Мұның соңы денсаулықтарын бұзуға әкеліп соғып, сабаққа дұрыс дайындала алмайды, толыққанды демалыс жоқ. Осыдан барып болашақ мамандардың сабақ үлгерімі нашарлайды, әртүрлі сырқаттарға шалдығады. Бұған олардың медициналық көмекке кеш жүгінетіндігін, тіпті жүгінбейтіндігін қоссақ, жағдай өзінен-өзі түсінікті болып шыға келеді.
Облыстың денсаулық сақтау саласындағы статистикалық мәліметтерге назар аударсақ, тек бір туберкулездің өзімен жыл са-
йын аймақта жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 10-15 студентінің ауыратындығын байқаймыз. Сондықтан, туберкулезбен күрес бүкіл қоғамымыздың ортақ міндеті деп білуіміз керек.
Біздің университетте студент жастардың денсаулығын нығайту, олардың арасында әртүрлі аурулардың алдын алу бағытында мақсатты жұмыстар жүргізіліп келеді. 2016 жылы біз жаңа студенттер жатақханасын пайдалануға бердік. Осыған байланысты, жатақханасыз жүрген студенттердің қатары жыл өткен сайын азая түсуде. Жатақханаларда студенттердің тұруы үшін барлық жағдайлар жасалған. Қысқы уақытта іші жылы. Жуы-
натын, тамақ ішетін және сабаққа да-
йындалатын орындар бар. Университетте студенттер асханасы ашылған, ондағы ас мәзірі де қымбат емес, студенттердің қалтасы көтерерліктей.
Оқу орнында студент жастардың денсаулығын қорғау жөніндегі шаралар алдыңғы кезекке шығарылған. Профессорлық-оқытушылық құрамның да денсаулығы назарда. Бұған дер мезгілінде медициналық тексерістерден өтуді, дене шынықтыру және спортпен айналысуды, тағы басқа шараларды жатқызуға болады. Өзіме сөз сөйлеуге берілген осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздердің назарыңызға мынадай мәселелерді ұсынамын.
Мені, депутат, ғалым және жоғары оқу орнының басшысы ретінде тұрғылықты жерлері жоқ адамдардың тағдыры, олардың тублеркулез ауруына неғұрлым бейім келетіндігі толғандырады. Біріншіден, олар медициналық көмекке жүгінбейді. Сондықтан, қоғамға қауіп төндіреді. Екіншіден, денсаулыққа қатысты көрсеткіштердің есебінен бүкіл облыстың көрсеткіштері, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері қалыптасады. Алға қойылған міндеттерді ойдағыдай шешу үшін нақты тұрғылықты жерлері жоқ халықтың осал топтарын құжаттандыру және есепке алу, олардың дер мезгілінде медициналық тексерістен өту мәселелерін қатаң бақылауда ұстау қажет. Әсіресе, құқық қорғау органдары оларды мәжбүрлі түрде емханаларға медициналық тексерістерге әкеліп отырмай болмайды.
Жергілікті әкімдіктер әлеуметтік үйлер ашу мәселелерін назарда ұстап, әлеуметтік реабилитациялау шараларының аясын кеңейтуді, құжаттандыру мәселелерін ұдайы бақылауға алуды, жеке кәсіпкерлер, бизнесмендерді жұмылдыра отырып, тіпті, ыстық аспен қамтамасыз ету орындарын ашуды ойластырғандары жөн.
Туберкулездің проблемасы өзекті күйінде қалуда, ал, оны шешу біздің әрқайсымыздың парызымыз. Біз өз кезегімізде әлеуметтік-экономикалық факторлардың туберкулезге әсерін анықтап білу тұрғысында ынтымақтастыққа әрқашан әзірміз. Мұның өзі аймақтың дамуы үшін үлкен маңызға ие деп білеміз. Бүгінгі таңда облысымызда медициналық факультет ашылып отыр. Бұл да денсаулық сақтау саласын дамыту көкжиегіне жасалған үлкен қадам. Осы тұрғыда, біздің облыстық туберкулезге қарсы диспансердің базасында туберкулездің ғылыми орталығының филиалын ашу осы жұмыстарға үлкен көмек болатыны анық. Соған қол жеткізсек, ғылым мен тәжірибені берік ұштастырып, туберкулезбен күресте жаңа жетістіктерге жетер едік.

Сағынтай ЕЛУБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының академигі, А.Мырзахметов атындағы
Көкшетау университетінің президенті

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар