Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жерге қатысты мәселелер біртіндеп шешімін табуда - АРҚА АЖАРЫ

Жерге қатысты мәселелер біртіндеп шешімін табуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралинаның журналистермен өткізген брифингі барысында ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу және мемлекет меншігіне қайтарып алу тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстар ортаға салынды.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда, бүгінгі күні облыс аумағындағы жер қоры 14,6 миллион гектарды құрайды. Оның 10,8 миллион гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.
Жерді ұтымды пайдаланудың маңызды факторының бірі – оны ресурс ретінде экономикалық айналымға тарту мәселесі. Осы мақсатта облыс бойынша жыл басынан бері аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары 79,9 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізді. Жер телімдерін сату бойынша 35 аукцион өткізілді. Оның қорытындысында аумағы 102 гектар 276 жер телімі сатылды. Осының есебінен бюджетке 408 миллион теңге кіріс кірді. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғастырылуда. Сонымен қатар, Астана қаласы мен орталық және солтүстік өңірлерді газдандыру үшін «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағытындағы «САРЫАРҚА» магистралды газ құбыры құрылысының жобасын іске асыру бо-
йынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, облыс аумағында пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге құқық беретін 178 келісім шарт жасалған. Оның ішінде заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша басқарма 133 жер телімін (оның 26-сы 2018 жылы) берді.
– Жыл басынан бері жер қойнауын пайдаланушылардан ауыл шаруашылығы өндірісінің шығынын өтеу ретінде бюджетке шамамен 14,7 миллион теңге төленсе, оның 28 миллион теңгесі сот тәртібімен өтелді, – деді басқарма басшысы Алмагүл Қадыралина.
Брифингте айтылғандай, елді мекендердің шекараларын белгілеу жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде. Осы орайда, басқарма басшысы 620 елді мекеннің 99-ында шекара белгіленіп, бекітілгенін атап өтті. Брифинг барысында екінші деңгейлі банктерде кепілдікте жатқан жерлерді қайтару, жекеменшік үй тұрғызу үшін кезек арқылы жер алу мәселесі де көтерілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар