Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған ел!

Кеше бүкіл еліміз бойынша бір уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан балалардың

жаңа жылдық шыршасы болып өтті. Елбасының балаларға арналған шыршасы Көкшетау қаласындағы «Меруерт» мейрамханасында қызықты әрі көңілді ұйымдастырылды. Жасыл шырша жанына жиналған балаларды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейне байланыс арқылы келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ақ тілегін арнады.

Елбасының Көкшетау қаласында өткен шыршасына Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ел болашағы – балаларға жаңа жылда жаңа жетістіктер мен барлық армандарының орындалуын және сапалы білім алып, алға қойған мақсаттарына жете берулеріне тілектестігін білдірді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасына барлық 17 ауданнан, қалалардан оқушылар қатысты. Олардың арасында 3 балалар үйінен, 4 облыстық арнайы мектеп-интернатынан, балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталығынан, санаторийлік мектеп-интернатынан облыстық мүгедек балалар ассоциациясынан, көпбалалы отбасылардан өкілдер бар. Шараға 9-13 жас аралығындағы 200 бала шақырылыпты. Мерекелік шараға қатысқан әрбір балаға Елбасының атынан 100 мың теңгенің сертификаты, кітаптар және тәтті сыйлықтар үлестірілді.
Жасыл шырша жанына жиналған балаларды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейне байланыс арқылы келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. Елбасының ақ тілегін алақайлап, қуана қабылдаған жеткіншектер жылы лебізден қуат алып, қанаттанып қалды. Бұдан кейін Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин құттықтау сөз сөйлеп, ел болашағы – балаларға жаңа жылда жаңа жетістіктер мен барлық армандарының орындалуын және сапалы білім алып, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірді.
Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге қиял әлеміне сапар шегіп, қызықты ойындар мен шағын қойылымдарды тамашалады. Жасыл шыршаға жиналған балалар бұл мерекелік шараға жіті дайындалғандықтары аңғарылып тұрды. Көздің жауын алатын жаңа жылдық костюмдері де бірінен-бірі өтеді. Мәселен, Жақсы ауданының Запарожье орта мектебінің 8 сынып оқушысы Әлия Әшімова «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын әдемі киімімен жұрт назарын өзіне аударды. Әлияның айтуынша, оған бұл киімді анасы Данагүл Жұмабаева өзі тігіп беріпті. Аяз ата мен Ақшақардың алдында балалар өнерлерін ортаға салды. Әдемі үйлесім таба білген сан алуан ойындар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, мың бұралған бишілер мен күміс үнді әншілердің өнері жаңа жылдық мерекенің ажарын ашып, сәнін келтіріп, сүйкімді балақайларды тәнті етті.
Балалар облыс әкімімен, келген қонақтармен, ертегі кейіпкерлерімен суретке түсті. Мерекелік шараның соңы мерекелік дастарқанға және музыкалық бағдарламаға ұласты.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар