«AKMOLA POWER – 2018» инновациялық жобалар көрмесі

Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен облыс орталығындағы Кванториум қалалық балалар технопаркінде қоғамдық бастамаларды дамытуға бағытталған студент-жас-тар мен жас кәсіпкерлер арасында облыстық «AKMOLA POWER – 2018» инновациялық жобалар көрмесі болып өтті.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған инновациялық технологияларды дамытуға және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен шараның негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық білімі мен қоғамдық бастамаларын қолдау, тұлға ретінде жан-жақты дамуы, ғылыми-зерттеу жобаларына ынталандыру, мемлекеттің күшейтілген өнеркәсіптік-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік саясаттың басымдылығын жүзеге асыру, экономиканың әртүрлі салаларында инновациялық технологияларды әзірлеу мен енгізу болып табылады.
Шара барысында қатысушылар өздерінің ғылыми жобаларын жаңа ғасыр және экология мен табиғатты пайдалану саласындағы бастамалар аталымдары бойынша таныс-тырды. Сонымен, инновациялық жобалар көрмесінің қорытындысында «Жаңа ғасыр» номинациясы бойынша Амангелді Оразов 1-ші орын, Динара Талғат, Айнұр Смағұлова, Андрей Ралколар 2-ші орын, Маралбек Жәнібеков 3-ші орынды иеленді. Ал, «ЭКО» номинациясы бойынша Ұлпан Әлтенова, Анаргүл Шындәулет, Кәкіш Дияс, Диана Лянгелер бірінші орыннан көрінсе, Айымгүл Нұғыманова мен Назо Арутинашвили екінші, Әсәдуллах Мәжікен үшінші орынға табан тіреді.
Aсылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар