Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының 2018 жылғы атқарған жұмыстарын қорытындылауға арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.
Елбасының бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыруда Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы ауыз толтырып айтарлықтай үлкен жұмыстар атқарып келе жатқанына ризашылығын білдіріп, құттықтау сөз сөйлеген Айна Мысырәлімова және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов жұмыс барысында белсенділік танытқан Ассамблеяның бірқатар мүшелеріне Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Облыс әкімі орынбасарының және «Қоғамдық келісім» мекемесінің атынан марапатталғандардың қатарында этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасының белсенді қатысушылары, Ақмола ассамблея-сы журналистер клубының, медиаторлар мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері бар.
Салтанатты жағдайда өткен іс-шара Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы өнер ұжымдарының даярлаған концерттік бағдарламасымен, ескерткіш суретке түсумен жалғасты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.