Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дін – ынтымақ, бірлікті жарастырушы - АРҚА АЖАРЫ

Дін – ынтымақ, бірлікті жарастырушы

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Жиын барысында облыстық Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Болат Қасенов Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекетік тұжырымдамасын жүзеге асыру барысы туралы айтып берді. Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында құрылған ақпараттық-түсіндіру топтары арқылы 66073 адамды қамтыған 2751 іс-шара өткізілді. Жастардың діни сенімділігін нығайту мақсатында оқушылар мен студенттер және жастардың арасында діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көкшетауда жоғары теологиялық білімі бар теолог мамандар қатары көбейіп келеді.
Кеңесте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамы, Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет атындағы орталық мешіттің бас имамы Қуаныш Сәбит пен Көкшетау және Ақмола епархиясының епископы Сергей Колосницын сөз алып, өздері жетекшілік етіп отырған діни ұйымның жұмысы туралы айтып берді.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Мәлік Мырзалин діни ахуалдың әрдайым жіті назарда болуы қажеттігін еске сала келе, осы тұрғыдағы мемлекеттік саясаттың ойдағыдай іске асуына жағдай жасап, діни татулықтың сақталуына атсалысып жүрген бірқатар дәстүрлі діни ұйымдарының басшылары мен облыстық дін істер басқармасының мамандарына Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар