Зейнетақы жүйесінің негіздері

БЖЗҚ АҚ Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Форум-кеңес түрінде өткен отырысқа қор қызметкерлері, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Медициналық сақтандыру қоры, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері, кәсіпкерлер палатасы, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, серіктестіктер басшылары, БАҚ өкілдері және сарапшылар мен салымшылар қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мақсатын, БЖЗҚ-ны құрудың артықшылықтары мен кемшін тұстарын, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Сонымен қатар, қазақстандықтар, әсіресе, жастар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жүйеге тарту мәселелері мен зейнетақы капиталын қалыптастыруда ерікті зейнетақы жарналарының алатын орны бойынша пікір алмасты.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар бұдан 20 жыл бұрын Қазақстанның ТМД елдері арасында тұңғыш рет зейнетақы реформасын жүргізіп, дұрыс қадам жасады деген тұжырымға келді.
Дөңгелек үстел барысында филиал директоры Аяш Кеншінбаева еліміздің жинақтаушы жүйесінің 20 жылдығына арналған журналистер конкурсында жүлделі үшінші орынға ие болған «Арқа ажары» газетінің тілшісі Салтанат Досетованы марапаттады.

БЖЗҚ Ақмола облыстық филиалы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар