Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ашық пікір, нақтылы тапсырма - АРҚА АЖАРЫ

Ашық пікір, нақтылы тапсырма

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин кезекті жұмыс сапарымен Аршалы ауданында болып, бірқатар нысандарды аралап көрді, содан кейін аудан активімен кеңес өткізіп, жыл қорытындысын саралады және алда тұрған міндеттерді белгіледі.

Өңір басшысы алдымен, «Жібек жолы» серіктестігінің көкөніс қоймасында болды. Серіктестіктің бас директоры Бахтияр Серіковтың айтуынша, көкөніс қоймасының 2016 жылдың қазанында басталған құрылысына 700 миллион теңге инвестиция тартылған.Төрт бокста 2500 тонна көкөніс сақтауға болады. Қазір қоймада 1200 тонна көкөніс сақталуда. Көкөністің дені Оңтүстіктен әкелінген. Осы орайда, облыс әкімі жергілікті жерде картоп пен көкөніс өсіруге жете көңіл бөлуге назар аударды және көкөніс өсіретін жел алқабын қарастыру мәселесін шешуді тапсырды. Мұнда қазіргі күні он екі адам жұмыс істеп, айына 100 мың теңге көлемінде еңбекақы алады.
Одан әрі, облыс басшысы «Жәмила» серіктестігінің жиһаз фабрикасында болып, жұмыс барысымен танысты. Серіктестік директоры Ертай Қалиясқаров кәсіпорын жылына 180 мың жиһаз жасап, өнімдерін Қазақстанның солтүстік өңірлеріне сататынын айтты. 2016 жылдан бері 682,4 миллион теңгенің түрлі жиһаздарын жасап сатқан. Фабрика 2019 жылдың екінші жартыжылдығында толық қуатына шығады деп жоспарлануда. Осы арада айта кетерлік бір жай, кәсіпорын жиһаз жасауға қажетті темір бөлшектердің бәрін өздері дайындайды екен. Дайын өнімді сататын үлкен сауда дүкені де бар. Дүкенде болған облыс басшысы дайын өнімдердің сапасына көңіл бөліп, жоғары бағасын берді. Кәсіпорында қазіргі күні 145 адам жұмыс істейді. Орташа еңбекақы 110 мың теңгені құрайды.
Облыс әкімі содан кейін Аршалы кентінен 40 шақырым жердегі жол пайдалану бекетінде болды. Бекет маңында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы Ақмола облыстық филиалы жылыту орны бар жол бойындағы кешен құрылысын салуда. Филиал директоры Талғат Смағұловтың айтуынша, кешенде төтенше жағдайға тап болғандар үшін барлық жағдай қарастырылған. Нысан 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазір мұнда 18 адам еңбек етуде.
Өңір басшысы аудан активімен кеңес өткізді. Аудан әкімі Талғат Мұхамеджанов 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы жан-жақты баяндап берді. Актив кеңесінің әдеттегідей емес жаңа форматта өткенін атап өткен артық болмас. Кеңесте облыстың түрлі салаларын басқаратын басқарма басшылары сөз алып, Аршалы ауданына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар мен қаржының игерілу барысы туралы және кездесіп отырған өзекті мәселелер жайлы айтты. Сондай-ақ, аудандық салалық қызмет басшылары да өздерінің жұмыстарында кездесіп отырған көкейкесті мәселелерді бүкпесіз баяндады. Облыс басшысы соған орай нақты шешімдер қабылдап, түйткілді мәселелерді шешудің жолдарын қарастыруды тапсырды.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі «ASTANA RESORT» демалыс базасында болды. База директоры Абай Медеубаев өз сөзінде 250 миллион теңгенің бұл жобасы 2016-2018 жылдар аралығында жүзеге асырылғанын, жаз айларында әр үйде 15 адам дем алғанын айтты. Мұнда дем алушылар үшін барлық жағдай жасалған екен. Атап айтқанда, демалыс орнының аумағына бөренеден 5 үй, алпыс адамға шақталған жүзу бассейні, мейрамхана бар. Облыс басшысы өңірімізде туризм саласын дамытуға жете көңіл бөлініп отырғандығын айтып, саланы өркендетуді назарда ұстау қажеттігін атап өтті.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар