Тәуелсіз Қазақстан үшін қайырлы да берекелі жыл болды!

2018 жыл – қаңтар. Өткен жылдың ең басты оқиғасы деп, Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі төрағасы ретінде қаңтар айында алқалы мәжілісті өткізуін айтуға болады.
12 тамыз. Ақтау. Каспий теңізі жағалауында орналасқан елдердің Ақтауда өткен 5-ші саммиты мұнайға бай теңіз асты байлығын бөлісуге қатысты орын алып келген алауыздықтардан ада, өзара ынтымақты байланыс пен дамуға жасалған маңызды қадам болғаны даусыз. Каспий жағалауында орналасқан бес мемлекеттің өзара қатынастары заң шеңберінде белгіленіп, ынтымақтастықты дамытуға игі ықпалын тигізіп отыр.
10-11 қазан. Астана. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы өткізілген әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі одан әрі жалғасып, Астана әлемдік діндер көшбасшыларының бас қосып, өзара ынтымақтастыққа бастайтын игі қадамдарына мүмкіндік ашатын пікіралысу алаңы болып келгендігі белгілі. 2018 жылдың қазанында Астанада әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті алтыншы съезі өтті.

6 шілде. Қазақ елінің мақтанышы – Астана өзінің 20 жылдығын атап өтті. Бұрын Ақмола аталып, облыс орталығы болған қала осы жылдардың ішінде әлемдегі көркі көз тартатын сәулетті шаһарлардың біріне айналды және тұрғындарының саны миллионнан асты.
2018 жылдың шілдесінде ҚР Президентінің Жарлығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылды. Ол алдағы уақытта Орта Азиядағы қаржы құрылымдарының орталығы болмақ.
Осы жылдың 5 қазанында Елбасы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Жолдауда Мемлекет басшысы ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге жете көңіл бөлді. Ең төменгі жалақы деңгейі 42 мың теңгеге жетіп, осыған орай бюджеттік мекемелердің ғана емес, жалпықазақстандықтардың еңбекақы деңгейі көтерілетін болады.
Ақпан 2018 жыл, Пхенчан. 2018 жылғы Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында өткен қысқы олимпиадада қазақстандық спортшылар жақсы өнер көрсетті. Алматылық Юлия Галышева олимпиаданың қола медалін жеңіп алса, шорт-трекшілер Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов алтыншы сатыдан көрінді. Ұлттық құрамамыздың құрамында ақмолалық 40 спортшының өнер көрсеткенін атап өткен жөн.

18 тамыз – 2 қыркүйек. Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия ойындары олимпиадасы да есте қаларлық оқиға болды. Қазақстаннан спорттың 25 түрінен 400-дей спортшы қатысса, олардың 8-і ақмолалық спортшылар.
19 мамырда өткен халықаралық 71-ші Канн фестивалінде үздік әйел бейнесін сомдағаны үшін қазақстандық Самал Есләмова лауерат атанды.
15 қыркүйекте Алматыда Almaty Film Festival халықаралық фестивалі өтіп, оған Сергей Бодров, Настасья Кинский, Роберт Минкофф сияқты танымал өнер адамдары қатысты.
30 тамызда Бурабайда алтыншы қайырымдылық веложарысы өтті. Жарыстан жиналған 205 миллион теңге қайырымдылық шараларына жұмсалды.
26 қарашада қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова Миснкіде өткен балалардың халықаралық Евровидениесінде үздіктер қатарынан көрінді.
19 қараша. Әнші Димаш Құдайбергеновтың Лондон қаласындағы ән кеші табысты өтіп, қазақастандық әншінің атағын одан әрі асқақтатты.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар