Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақпараттық-насихат топтары – тұрғындар арасында - АРҚА АЖАРЫ

Ақпараттық-насихат топтары – тұрғындар арасында

Елбасы Н.Назарбаевтың республика халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді тұрғындарға жеткізу және түсіндіру жұмыстары Целиноград ауданының ауылдық округтерінде белсенді сипат алуда. Бұл мақсатта ауданда мәслихат депутаттарынан, аудандық әкімдіктің бөлім басшыларынан, үкіметтік емес ұйымдар мүшелерінен, елге сыйлы ардагерлер мен БАҚ өкілдерінен тұратын 6 ақпараттық-насихат тобы құрылды.

Президент Жолдауының маңызы мен алға қойылған міндеттерді түсіндіруге бағытталған жиындар білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, ауыл шаруашылығы кешендерінде, шағын және орта бизнес құрылымдарында, сауда және халыққа қызмет көрсету саласында, жастар мен ауыл тұрғындары ортасында бекітілген кестеге сай өткізілуде. Мұндай кездесулерде ақпараттық-насихат тобының мүшелері Жолдаудың негізгі алты бағыты бойынша келелі әңгіме қозғап, жұртшылықты еркін пікір алмасуға шақыра білгенін айтқымыз келеді.
Әсіресе, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске қосу, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қолданылу мерзімі 5 жылға ұзартылуы, Ұлт саулығы мемлекет қызметінің
басты басымдығы екендігі, «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске қосылуы аудан тұрғындарын айрықша желпініске түсірді.
Сондай-ақ, жұртшылық алдағы қаңтар айынан бастап ең төменгі жалақының 1,5 есе өсіп, бүгінгі 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге көтерілетініне, «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылданатынына ризашылықтарын айтып, Жолдаудағы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты қолдайтындықтарын білдірді.
Елбасы Жолдауы жастар өміріне жаңа екпін қосып, жауапкершілік жүгін арттыра түсетіні белгілі. Қазақстан Президенті 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Сондықтан, жылдың басты құжатын халыққа жеткізумен қатар, алдағы айтулы жылдың міндеттерін белгілеу барысында аудан жастары айрықша белсенділік танытатыны анық. Осыған байланысты қазіргі саяси науқан жиындарының барлығында дерлік жастар саясаты мәселелері көтеріліп, алдағы жұмыс жоспарына қатысты жағдайлар да айтылып жатқаны заңдылық ретінде бағалануда.
Халық Елбасы Жолдауында белгіленген міндеттер мен тапсырмалардың орындалатынына сенімді. Кездесулер барысында аудан орталығы Ақмолдан бастап көптеген елді мекендер жаңа құрылыстарымен, уақыт талабындағы өндірістік нысандарымен, бұрын болмаған әлеуметтік әлеуетімен көз тартатындығы айтылып жатты және бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
Дидар ОРАЛБЕКҰЛЫ,
Целиноград аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар