Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төл тарихымыз терең зерделенетін болады - АРҚА АЖАРЫ

Төл тарихымыз терең зерделенетін болады

Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи мақаласында өз сөзін «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды» деп бастай келе, халқымыздың болмысына көз жүгіртіп, тарихи сипатымызды анықтап берді.

Бұл мақала шын мәнінде Ұлт Көшбасшысының осыдан бір жарым жыл бұрын жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласының жалғасы екенін Елбасы өзі айтып отыр. Терең сипатты мақаламен зейін қоя танысып шыққан біздер де оны солай қабылдайтынымыз айқын. Тарихи мақалада Мемлекет басшысы еліміздегі болған барлық тарихи кезеңдерді қамтып, өткенге көз жүгіртпей, болашағымызды айқындай алмайтынымызды тағы бір еске салады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бұл тарихи мақаласында өнерімізге, болмысымызға деген көзқарасымызды бір жақты ғана ұстанбай, кез келген тарихи оқиғаның бүге-шігесіне дейін зерттеу керектігін де орынды атап өтті. Тарихи болмысымызды айқындайтын шығармалар мен ұлттық фольклорымызды да зерттеу керектігіміз тапсырылды.
Шынымен де, біздің ауданымыздың өзінде зерттелмеген, әлі толықтай сыры ашылмаған тарихи-мәдени көне жәдігерлер жеткілікті. Бытығай кесенесі, Қаныкей мазары, Жұмай батырдың тарихи болмысы, Ақеділ Қажы мен Беспақыр кесенелерінің жай-жапсары әлі күнге толықтай зерттелмей, зерделенбей отыр. Өңірімізде есімдері аңызға айналған Құлтума, Үлебай ақындар туралы да мәліметтер өте аз. Бұл ең алдымен елімізде осындай тарихи тұлғаларды зерттейтін арнайы институттың болмауынан да туындап отырған мәселе. Демек, Елбасының тарихи мақаласы бізге осындай олқылықтарды елеп-ескеруге, тарихи тұлғаларға объективті баға беруімізге жол ашқандай көрінуі заңды.
Шоқан ЗӘКАРИН,
Қорғалжын аудандық «Shamshyraq nury»
қоғамдық-саяси газетінің редакторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар