Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мерейімізді өсірер мәртебелі күн - АРҚА АЖАРЫ

Мерейімізді өсірер мәртебелі күн

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан еліміздің жаңа заманда өз алдына егеменді ел болған күні. Бұл күн – ең басты мемлекеттік мереке екені баршамызға белгілі. Сондықтан, ол күнгі мерекелік көңіл-күй, мерекелік әсер ешқашан ескірмейді. Ата-бабаларымыздың осы азаттықты аңсаған шерменде зары, күрескерлік рухы, кешегі желтоқсаншылар қайсарлығы, өркениетті тәуелсіз мемлекет болу жолындағы Елбасы мен ел жігері, бәрі еске түседі.

Бұл күн – ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымыз жаңа белеске көтерілген ақжолтай күн. Тәуелсіз ел атанғалы 27 жыл уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық.
Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем мойындады.
Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата-бабамыздың орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Егемендік алған жылдары халқымыздың көбі бұл мерекенің қазақ халқы үшін қаншалықты маңызы зор екенін жете түйсінбей келсе, бұл күнде Тәуелсіздік күні мерекесі ерекше мәртебеге ие болған мереке екенін түсініп келеді. Оның дәлелі, елімізде Тәуелсіздік күні мерекесі жылдан-жылға құлаш жая тойлануда. Еліміздің түкпір-түкпірінде осы мейрамға арналған сан түрлі іс-шаралар өткізіліп жатады.
Осынау ұлы мерекеге арналған іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5510 әскери бөлімінде де салтанатты түрде атап өтілді. Шарада Тәуелсіз еліміздің тыныштығын сақтап, Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқарып жүрген бөлімнің бірқатар әскери қызметшілері, бөлім ардагерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының, «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының, бөлім командирінің, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің атынан Алғыс хаттар пен бағалы сыйлықтарға ие болды, сондай-ақ, бөлімнің бүкіл жеке құрамына құттықтау хаттар көптеп түсті. Ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпке бас-көз болып келе жатқан әскери бөлім мерейі жаңа жылда да арта берсін дейміз. Өйткені, тәуелсіздік пен елдің шырқы бұзылмаған бірлігіміз бәрінен қымбат.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар