Қосшы ауылдық округінде жаңа жыл қарсаңында бұрынғы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі
Қуандық Бишімбаевтан тәркіленген үйде жаңа Мәдениет үйі ашылды.
Қосшы кентіндегі жаңа Мәдениет ошағының аумағы 600 шаршы метрді алып жатыр. Бір жақсы жері мұнда жылу мен су жүйесі орталықтандырылған.
Кент тұрғындары үшін ол өте қолайлы жерде тұр. Мұнда көрермен залы, сондай-ақ, түрлі ән-би үйірмелерін өткізетін
арнайы жабдықталған бөлмелер бар.
Астана іргесіндегі ел тұрғындары үшін кітапхана да жұмыс істейтін болады. Жаңа нысандардың салтанатты тұсаукесер жиынында Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы айта келіп, Қосшының Астанаға сәйкес дамитынын жұртшылық есіне салды. Жиын соңы жергілікті өнерпаздар ұйымдастырған шағын концертке ұласты.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.