Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Айбынды Ұлттық Ұлан - АРҚА АЖАРЫ

Айбынды Ұлттық Ұлан

Тәуелсіздігіміздің жемісі, айбыны ретінде өмірге келген Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының құрылғанына 27 жыл толып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылдың 10 қаңтарындағы Жарлығымен еліміздің Ішкі істер органдарының Ішкі әскерлері құрылды, ал, 2014 жылдың 21 сәуірінде бұл құрылым Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы болып қайта құрылды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы туралы» ҚР Заңына 2015 жылдың 10 қаңтарында қол қойғанында да екі оқиға бір күнге сәйкес келгенінде үлкен символикалық мән жатыр. Осы күннен бастап Ұлттық Ұлан әскерлері мен қызметкерлері бұл күнді өздерінің кәсіптік мерекелері ретінде атап өтіп келеді.
Ұлттық Ұланның еліміздің өмірінде, соның ішінде қорғаныс қуаты мен қоғамдық тәртіпті сақтауда қаншалықты орын алатындығын мына деректерден анық байқауға болады. Өткен жылы мысалы, Қарулы Күштер қатарына шақырылған 17 мыңнан астам жастардың жеті мыңға жуығы, яғни, жартысына таяуы Ұлттық Ұланға әскери қызметін өтеуге алынған екен. Бұл сөз жоқ, Ұлттық Ұланның Қазақстанның қорғанысын да, ішкі қауіпсіздігі мен тәртібін де қамтамасыз ете алатын айбынды күш екенін айғақтайды.
Құқық қорғау органдарының және мемлекеттің күштік құрылымдарының құрамдас бөлігі болып табылатын Ұлттық Ұлан өзіне сеніп тапсырылған міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Оның сардарлары мен сарбаздары азаматтардың тыныштығын қорғау жолындағы ауыр әскери қызметті жан-жақты меңгерген, сол арқылы өздерінің жауынгерлік парыздарын адал атқаруда. Бұған Ұлттық Ұланның Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден бастап мемлекеттің қауіпсіздігі және еліміздің конституциялық құрылысын қорғау жолында нық тұрғанын, сөйтіп, Елбасы алға қойған міндеттерді табысты орындап келе жатқандығын қосуымызға болады.
ТМД елдерінің үкіметаралық келісіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің шоғырландырылған роталары Қазақстан Республикасының жеке шоғырланған атқыштар батальонының құрамында 1993 жылдың маусымынан 1997 жылға дейін Достастықтың оңтүстік шебінде шекараның тәжік-ауған учаскесін қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 1997 жылдың 18 наурызында Үкімет Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесін құру туралы шешім қабылдады. 2001 жылы осы оқу орнының қабырғасынан 176 офицер алғаш рет оқу бітіріп, құқық тәртібі әскерлерінің қатарын толықтырды.
Тәуелсіздік жылдары әскери қызметтік және арнайы тапсырмаларды орындау барысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлттық Ұланның 130 әскери қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олар барлық қазақстандық жауынгерлер және еліміздің өскелең ұрпағы үшін әскери борыштарына адалдықтың жарқын үлгісіне айналды.
Жоғарыда айтылған жарқын мысалдарды Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында орналасқан 5510 әскери бөлімінің құрамындағы сардарлар мен сарбаздардың бойынан да көруімізге болады. Бұл әскери бөлім «Орталық» аймақтық қолбасшылықтың құрамына кіреді және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, Гранитный және Новоукраинка кенттерінде орналасқан еңбекпен түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды күзету және қадағалауда құқық қорғау органдарына көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларды орындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2004 жылдың 10 ақпанындағы Жарлығына сәйкес бұл бөлімге Жауынгерлік Ту тапсырылған. 5510 әскери бөлімінің әскери қызметтегі жоғары нәтижелері 2017 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық Ұлан бас қолбасшысының бұйрығында атап көрсетілді. 23 жыл бойы бөлімде өздерінің Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарған талай сардарлар мен сарбаздар алмасты. Әскери бөлім ардагерлері қазіргі уақытта да жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісіне белсене ат салысуда.
1997 жылы бөлім облыс ормандарында туындаған өрттерді сөндіруде белсенділік көрсетті. Жедел қимыл батальонының жеке құрамы Астана қаласында өткен VІІ қысқы Азиада ойындары мен «EXPO-2017» халықаралық көрмесін, Бурабайда ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге мүше мемлекеттердің екі саммитін өткізуге қатысты. Осы уақыт ішінде әскери бөлімнің бұрынғы командирі, майор Ерлан Жақыпов және капитан Денис Ткаченко «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Жуырда 5510 әскери бөлімінде Ұлттық Ұланның құрылғанына 27 жыл толуына байланысты өткен салтанатты жиында мұның бәрі осы құрылымның мемлекетіміз жүктеген биік міндеттер үдесінен шығу жолында абырой биігінен көрініп келе жатқандығын көрсететіні айтылды. Алдағы уақытта да ел Қарулы Күштерінің басты құрамдас бір бөлігі болып табылатын Ұлттық Ұлан тәуелсіздік мұраттарына адал бола беретіні айқын.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар