Облыстық әділет департаментінің мәліметі бойынша 2018 жылы тіркеуші органдар 11267 сәбидің тууы туралы жазбаны тіркеген. Бір жыл ішінде 4640 қыз-жігіт некесін қидырса, 2441 ерлі-зайыптылар ажырасқан. Сөйтіп, ажырасушылар саны некеге отырғандардың жартысынан асып түсті.
Азаматтық хал-актілері жазбасы мәліметіндегі бір жағымды жаңалық, сәбилердің туу көрсеткіші өткен жылға қарағанда 4 пайызға артып, өлім саны керісінше 1 пайызға кеміген. Сөйтіп, өткен бір жылдың ішінде облыс тұрғындарының саны 3994 адамға көбейген. Тек еліміздің Тәуелсіздігі күні мерекесінде ғана 48 қыз бала мен 45 ұл бала дүниеге келіп, ата-аналарын қуанышқа бөлеген. Сәбилердің арасындағы ең көп таралған есімдер Арлан, Әмір, Ислам болса, қыздар арасында Айзере, Мәдина, Әмина есімдері жиі кездеседі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.