Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәртебеміз заң арқылы айқындалмақшы - АРҚА АЖАРЫ

Мәртебеміз заң арқылы айқындалмақшы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономикалық жағынан дамыған өркениетті мемлекет қалыптастыруда алда қойған мәселелер аталып өтілді. Жолдауда қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға және тағы басқа өзекті мәселелерге баса назар аударылды.

Президенттің мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында айтылған бастамасын педагогтар бірауыздан қолдады. Әсіресе, биыл «Педагог мәртебесі туралы» Заңның әзірленіп, қабылданғалы жатқаны бізді ерекше қуантып отыр. Соның ішінде осы салада отыз жыл еңбек өтілі бар педагогтардың зейнет демалысына шығуына мүмкіндік туғызылуы туралы бап Парламентте қолдау тапса екен дейміз. Сонымен қатар, биылғы жыл «Жастар жылы» деп жария-ланды. Бұл Қазақстан жастарының болашақта білім алуына, кәсіби тұрғыдан дамуына үлкен көмек болары сөзсіз.
№1 Егіндікөл орта мектебінің жас маман ұстаздары арасында мемлекеттің «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында бірнеше ұстаз баспаналы болды. Жолдауда жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналуы тиіс деп орынды атап көрсетілген.
Президент бұған қоса, еліміздің кейбір аймақтарда мектеп жетіспей, оқушылар үш ауысымда оқып жатқанын сынап, бұл мәселені шешу үшін үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырды. Сондықтан, бұл үш ауысымдық мектептерді жою, білім сапасын көтеру үшін оң шешім болады. Елде жоғары білім гранттарының саны көбейтілгенін еске салған Мемлекет басшысы енді жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажеттігін айтты.
«Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен аймақтық жаңа жоғары оқу орнын құру қажет», – деді Елбасы. Мұндай ұсыныстың туындауы жоғары оқу орындарда бәсекелестік артып, сапалы мамандар даярлауға жол ашады. Тағы да жоғарыда айтылып кеткен мәселеге оралсам, 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы шын мәнінде, келешек ұрпақты оқытып-тәрбиелеуде ұстаз рөлін жаңа биікке көтереді деп есептеймін.
..
Смағұл ДАЙЫРОВ,
№1 орта мектеп мұғалімі.
Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар