Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіптік білімнің жастардың өмірде өз орнын табуына тигізер көмегі көп - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіптік білімнің жастардың өмірде өз орнын табуына тигізер көмегі көп

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында кәсіптік білім беру мәселесіне барынша басымдық беру қажеттігіне айрықша назар аударды. Қазіргі ғылыми-техникалық үрдістің үздіксіз, қарқынды дамуына байланысты білім беру жүйесінің алдына жаңа талаптар қойылып отыр.

Осыған орай, ең бірінші, әлемдегі алдыңғы қатарлы өркениетті, бәсекеге қабілетті елдермен терезе теңестірудегі тұлға – жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру. Кәсіби мамандарды даярлауда Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырудың негізгі міндеті – ғылым мен білімді тәжірибемен ұштастыру болып табылады. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, іскер, бәсекеге қабілетті маман даярлауда әрбір білім алушыны жан-жақты ізденуге, өздігінен тың жаңалықтар ашуға, қай салада болмасын, ғылыми жұмысқа деген бейімділігін қалыптастыру көзделуде.
Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжі – облысымызда кәсіптік-техникалық білім беруде білімді де білікті ұстаздар қызмет атқаратын, кәсіби маман даярлауда тәжірибесі мол оқу орындарының бірі. Мұндағы басым бағыттың бірі еңбек нарығына қажетті маман даярлау болып табылады. Колледж қабырғасында сапалы маман даярлау үшін қажетті материалдық-техникалық база құрылып, кабинеттер, зертханалық бөлмелері, шеберханалары талапқа сай жасақталған. Мультимедиялық-лабораториялық кабинетпен, интербелсенді тақтамен, компьютерлермен, замануи аудио-видео құралдармен, жүйесімен, интернет желісі және Wi-Fi нүктелерімен жабдықталған.
Колледжде жастар 15 мамандық бойынша білім алып жатыр. Тарқатып айтар болсақ, күндізгі оқу бөлімінде 459, оның ішінде мемлекеттік тапсырыспен 174, сырттай оқу бөлімінде 152 оқушы білім алуда. Жас мамандарға өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша білім беруде колледжімізде 34 оқытушы жұмыс істейді.
Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжі жеке тұлғаны әлеуметтік-экономикалық бағытында дамыту үшін, еңбек нарығының сұранысына сәйкес тұлғаның жеке қажеттілігін ескере отырып, үздіксіз білім беру жағдайында техникалық және кәсіптік мамандарды даярлау бағытында зор үлес қосуда. Біздің негізгі мақсатымыз – теориялық білім мен іс-тәжірибені ұштастырып, болашақ кәсіби құзыретті маман даярлау болып келеді. Колледж түлектері бүгінгі таңда облыстың түкпір-түкпірінде өз мамандықтары бойынша абыройлы еңбек етуде.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына арнаған өз Жолдауында «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруi тиіс» деп айрықша атап көрсетті. Біздің оқу орнымызда жеке тұлғаның өсуіне, кәсіби таңдау жасауына, біліктілігін арттыруына барынша жағдай жасалған.
Жас мамандардан тек өз мамандығының терең білгірі болу ғана емес, тарихи-танымдық, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан сауатты және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі қалыптасқан, бірнеше тілді еркін меңгерген маман болуы талап етілуде. Тәуелсіз Қазақстанның бас-ты байлығының бірі – ұлтаралық ауызбірлік. Кең байтақ елімізде көптеген ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әрдайым солай болғай! Тіліміздің мәртебесін асқақтату – әр ұлт өкілінің міндеті. Сондықтан, осыған байланысты колледжімізде мемлекеттік тілге, сонымен қатар, басқа да тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың баға жетпес мұрасы тіл екенін сезіндіру үшін Тіл заңының орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі заманның талабы Қазақстанның дамуы үшін ынталы, жан-жақты жетілген, өзінің тілін, өзінің тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды қалыптастыру.
Колледжде «2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру барысында 2017-2018 оқу жылына жоспар құрастырылды.
Мемлекеттік стандарттың орындалуындағы сапа мониторингі жүйелі жүргізіледі. Тіл пәндерінің оқытылу сапасы жақсы деңгейде. Тіл пәндерін оқытуда оқытушылар арнайы біліктілік курстарынан өтіп, оқытудың әр түрлі технологияларын қолданады. Колледжде тіл пәндеріне арналған кабинеттер бар. Олардың барлығы төлқұжатпен рәсімделген. Қазақ, орыс, ағылшын тілі кабинеттері қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін сапалы үйрету үшін жағдайлар жасалынған. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында колледжде жыл сайын Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай тілдер апталығы өткізіледі. Аталған апта барысында үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде «Мемлекекттік тіл – менің тілім» тақырыбында викториналық ойындар, дөңгелек үстелдер, көңілді тапқыштар клубы, кураторлық сағаттар, «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің басты факторы» тақырыбында ашық сабақтар өткізіліп отырады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында жалпы білім беру пәндері бойынша облыстық олимпиадада қазақ тілі пәнінен Анастасия Тарасова 2 жүлделі орынды иеленсе, ағылшын тілінен Анастасия Баублите 2 орынмен марапатталды. Ағымдағы жылдың сәуір айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазіргі ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға оқушыларды дайындап, жүлделі орындарды иелендік. Мәселен, Айдана Бейсенова «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» тақырыбында өз жобасын ұсынып, жүлделі 1 орынды иеленді.
Колледждің «Аударма ісі» мамандығының оқушылары жыл сайын халықаралық тілдік мектептерге (Венгрия, Греция, Болгария, Қытай) қатысады. Колледж бітіріп, мамандық алғаннан кейін кейбір түлектеріміз Еуропа, Канада және АҚШ-та білімдерін жалғастыруда.
Біздің колледж латын әліпбиіне көшуді жақтаушылардың бірі болып табылады, өйткені, латын жазуы біздің азаматтарға қазақ тілін және шетел тілдерін үйренуге жағдай жасайды. Колледжімізде «Латын әліпбиіне көшу – өмір талабы» тақырыбында талқылаулар өткізілді.
Ұлттық спорт түрлерінен де жарыстар өткізіліп тұрады, бұлардың барлығы халқымыздың келешек ұрпаққа қалдырған мұрасын жаңғырту болып табылады. Жыл бойы кітапхананы мемлекеттік және ағылшын тілінде кітаптармен толықтыру бойынша жұмыстар атқарылды. Үш тілде көркем және ғылыми әдебиеттермен тақырыптық көрмелер өткізілді. Мемлекеттік тілде мерзімдік басылымдарға жазылымдар рәсімделді. Мемлекеттік және басқа да тілдерде газеттер, буклеттер, брошюралар шығарылды.
Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тіл мәселесін көтеруде барлық іс-шараларды ұтымды ұйымдастыруға тек тіл пәндерінің оқытушылары ғана емес, сонымен қатар, жаппай колледж ұжымы ат салысуы қажет. Тілімізге шынайы жанашырлық таныту осы отырған барлығымыздың міндетіміз.
Сөзімді Абай сөзімен сабақтастырсам, ұлы Абай былай деген еді: «Басқа халықтың тілі мен мәдениетін білу адамды сол халықпен тең етеді». Бұл жерде әңгіме тек қазақ тілі туралы ғана емес, жалпы тілдер туралы. Тілді білсең, сол халықпен тең боласың. Рас, екі немесе үш тіл білу зор мүмкіншілікке жол ашады. Әсіресе, еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін үш тілді игерген қазақстандық азаматтардың, соның ішінде жоғары білімді жастардың көп болғаны қажет-ақ. Ең бастысы, ана тіліміз – қазақ тіліміздің де мәртебесін жоғары ұстағанымыз абзал.
Ендігі бір айтпағым, кәсіптік білімі бар жас өмірде өз орнын табады. Тек бұл үшін бізде оқып кеткен әрбір ұл-қызға таудай талап, еңбекке деген құлшыныс керек.
Күнсұлу ПЕРНЕБАЙҚЫЗЫ,
Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар