Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Галлямовтың бұл не сандырағы? - АРҚА АЖАРЫ

Галлямовтың бұл не сандырағы?

Өзге халықта бар ма, жоқ па білмеймін, ал, біздің қазақта «жерден жік шықты, екі құлағы тік шықты» деген сөз бар. Осы бір айтылғанындай, жуырда Ринат Галлямов деген әлдебіреу әлеуметтік желіден сөйлеп берді дерсіз. Сөйлегенде «Арқа ажары» газеті жастар жылына орай «Жастар Үні» деген қосымша шығарып жатыр, соның қажеті бар ма деп сәуегейсіді. Бұл Галлямов деген кім өзі деп, «іздеу салсақ», жуырда ғана Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының хатшысы болған, «мемлекеттік қызметтен шаршадым, не көрмедім, тіпті әлдебір шенеунік үйінің терезесінің пердесін ілген кезім де болды» деп мұңын шаққан пақыр екен.
Ал, енді сол Галлямовыңыз жүз жылдан астам тарихы бар және мемлекеттік тілде шығып тұрған Ақмола облысының бас басылымына мін тағатындай не көрінді? Елбасының Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жариялануына орай біз бүгінгі жас буынды отансүйгіштік және мемлекетшіл қасиетте тәрбиелеуге септесуді мақсат етіп отырмыз.
Елбасының «Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс» деген ұлағатын «Жастар Үнінің» негізгі әрі өзекті мақсатты сөзі ретінде алып отырғанымызды оқыса, Галлямов мырза «Жастар Үнінің» қажеті бар ма?» деп сәуегейлік айтпаған болар еді.
Біздің алдымызда жастарымызды Елбасының осы ұлағатты сөзі және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбектерінде айтылған, қазақтың қасіретті тарихының тар жол, тайғақ кешу кезеңдерінде кім көрінген лайлап кеткен ұлттық санамызды тазартып, қалпына келтіру, ендігі арада бүгінгі жастарымызды әлемдік бәсекелестілікке қабілетті болуға, еліміздің бірілігі мен ынтымағын сақтауға, Тәуелсіз Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосуға үлестерін қосып, Мәңгілік ел болу идеясы негізінде тәрбиелеуге, осы асыл мұраттардың мақсатын насихаттамақшымыз.
Әлеуметтік желідегі Галлямов мырзаның сөзінің төркіні «жалпы қазақ тіліндегі баспасөз керек пе?» деген бір жымысқы әуенге келіп саятын сыңайлы. Осыны бір айтып алып, одан соң «осы Қазақстанда қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуының қажеті бар ма?» деп жүрмесеңіз болды Галлямов мырза. Қазақ елі барда, қазақ халқы барда қазақ баспасөзі де, әдебиеті де, тілі де керек, Галлямов мырза! Бұл қасиетті дүниелер біздің халқымызбен мәңгі жасайды!

«Арқа ажары» газетінің шығармашылық ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар