Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Табыстың көзін тапқан - АРҚА АЖАРЫ

Табыстың көзін тапқан

Бұл күндері әйел азаматының еңбек етпейтін саласы жоқ. Кейде тіпті, ерлермен теңесіп, талай қиын істерге қол созып жатады. Осының бәріне әрине, сүйсінесің.

Әйелдердің мұндай өжеттігінен Ақмола өңірі де кенде емес. Сондай жандардың бірі ретінде Зеренді ауданындағы «Парус» демалу орталығының директоры Арман Сұлтанованы айтуға болады. Заман ағымынан қалыспай бірді бірге жалғап екеу қылып жүрген азаматшаның бүгіндері кәсібі аяғынан тік тұрып, ісі оңға басып келеді. Кәсіпкер тоқырау жылдары ешкімге керексіз болып, жабдықтары ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен пионер лагеріне осы күні екінші өмір сыйлап отыр.
Бүгінгі таңда Зеренді көлінің жағасындағы «Парус» демалу орталығы демалушыларға қысы-жазы қызмет көрсетеді. Туристер жаз маусымында айдын көлде қайықпен жүзіп, суға шомылса, күз және қыс айларында атқа мініп, шаңғы, коньки, бұғы және қар шанасымен серуендеп қайтады. Осыдан-ақ, білек сыбанып, өмірде өз биігіне ұмтылған жанның қолынан бәрі де келетінін аңғаруға болады. Оған өңірде туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген Арман Олжабекқызының тірлігі айқын дәлел.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар