Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мамандықтың бәрі жақсы... - АРҚА АЖАРЫ

Мамандықтың бәрі жақсы…

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында Жастар жылы аясында жұмысшы

мамандықтары бойынша білім алып жатқан жастар арасында өткен WorldSkills Kazakhstan өңірлік чемпионатының салтанатты жабылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломдармен марапаттап, ақшалай сертификаттар табыс етті.

Іс-шараға ардагер ұстаздар, мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес серіктестер, ТжКБ басшылары және колледж оқушылары қатысты. Мәдениет үйінің фойесінде Ақмола облысының 12 колледжі ұсынған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде сайысқа қатысушылар өздерінің конкурстық жұмыстарымен таныстырды. Соңғы төрт жыл ішінде Ақмола облысының жастары WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамытуға белсене ат салысуда. Жалпы, жыл сайын өңір командасы ұлттық чемпионаттың қорытындысы бойынша үздіктер үштігіне кіреді.
– Бұл чемпионат жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, жас мамандарды экономиканың өндірістік секторына тартуға ықпал етеді. Қазіргі уақытта жобалаушылардың, конструкторлардың, энергетиктердің, слесарьлардың, токарьлардың және басқа да мамандардың жетіспеуі сезіледі, бүгінде қазақстандықтар үшін өзін-өзі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылғанын атап өткім келеді. Жаңа көрме барысында жастардың білімдерін паш ететін жаңа жобаларымен таныстық. Біз осындай зердесі биік жастар болашақта ел дамуына зор үлес қосады деп сенеміз,–деді өңір басшысы салтанатты шарада сөйлеген сөзінде.
WorldSkills – бұл әлемнің 75 елінде кеңінен танылған халықаралық қозғалыс. Оның негізгі мақсаты – техникалық мамандықтарды насихаттау, дүниежүзі бойынша кәсіби мамандар даярлау, оның сапасын, біліктілік мәртебесін арттыру, әлеуетін көтеру және жалпы еңбек қоғамын қалыптастыру болып табылады. Ақмолалық жастар еліміздің намысын халықаралық деңгейде бірнеше рет қорғап, абырой биігінен көрінуде. Мәселен, өткен жылдары чемпионаттың жеңімпаздары Бразилия мен БАӘ-де болса, енді тамыз айында Ұлттық құрама сапындағы ақмолалық төрт жігіт Ресейде өтетін халықаралық чемпионатта өнер көрсетеді. Биылғы додада өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 190 үміткер өзара бақ сынасты. Олардың ішінде 32 кәсіби құзыреттіліктен тұратын 18-22 жас аралығындағы студенттер мен жас мамандар бар. Атап айтсақ, технология-лар, құрылыс саласы, көлікке қызмет көрсету, дизайнерлік қызмет және тағы басқа кәсіптердің өкілдері. Конкурстық тапсырмаларды бағалау және жұмыс алаңдарын ұйымдастыру кезінде 70 сарапшы тартылған.
Чемпионаттың 60-тан астам жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сертификаттармен марапатталды. Бірінші орындарға 100 мың теңге, екінші және үшінші орындарға 75 мың және 50 мың теңгеден сертификаттар берілді. Салтанатты шара барысында өнерлі жастар ән мен күйден шашу шашып, жиналған қауымның көңілін серпілтіп тастады.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар