Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адым аштырмас айыппұл - АРҚА АЖАРЫ

Адым аштырмас айыппұл

Ақмола облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Кеңесінің кезекті мәжілісінде тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі және гигиеналық нормативтерінің сақталуына қатысты заңдылық талаптарының қатаңдауына байланысты қызу талқылау өріс алды.

Мәлім болғанындай, ағымдағы жылдың 11 сәуірінде әкімшілік құқық бұзушылық Кодесінің 425-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Ақмолалық кәсіпкерлерді заңдағы тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі және гигиеналық нормативтеріне қатысты санкиялардың қатаңдауы алаңдатуда. Атап айтқанда, айыппұл көлемі шағын кәсіпкерлік нысандары үшін 11,5 есе, орта кәсіпкерлікке – 7,8 есе және ірі кәсіпшілікке 5 есе өсіп отыр. Мысалы, жаппай ауруға немесе улануға қатысы жоқ, абайсызда жасалған кемшілік үшін жеке тұлғаларға 30 айлық есепті көрсеткіш (АЕК) көлемінде (75750 теңге) айыппұл салу қарастырылған. Бұрын мұндай айыппұл 10 АЕК (25250 теңге) деңгейінде болатын. Заң талабы бұзылған жағдайда шағын бизнес нысанының жауапты тұлғасынан 580 мың теңге (230 АЕК), орта бизнес өкілінен 780 мың теңге (310 АЕК) және ірі кәсіпкерліктен 4 миллион теңгеден артық (1600 АЕК) қаржы өндіріп алынады. Ал, адам денсаулығына зиян келтірілген жағдайда (бұл қылмыстық шара қолдануға жатпаса), ірі бизнес нысанының қызметі тоқтатылып, мүлкі тәркіленеді, бұған қоса 2000 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Кәсіпкерлердің алаңдаушылық білдіруін түсінуге болады. Өйткені, бизнес нысандарының санитарлық талаптар мен нормаларға сәйкестігі тиісті өклетті органдар тарапынан тұрақты түрде тексеріледі. Сондай-ақ, кәсіпкерлер қадағалау органдарының талаптары өте көп екендігі жөнінде «Атамекен» Ұлттық палатасына үнемі шағымданумен келеді. Нақтылай түссек, тек 2016 жылдың өзінде құрамында 10 мыңнан астам талап бар 66 нормативті акт және өрт қауіпсіздігі ережесі
(3 мыңнан аса талап) қайта қаралған.
«Мұндай талаптардың қанша екендігін ешкім нақты айта алмайды,тіпті қоғамдық денсаулық денсаулықты қорғау қызметкерлері де тұшымды жауап беруге қиналады. Тәртіп бұзушылықтың нақты тізімі жоқ, бұған қоса қолданылған санкциялар жол берілген кемшіліктің ауқымынан анағұрлым артық белгіленеді. Қолданысқа енгізілген заңдық акт жаппай тексерістер мен айыппұлдың көлемін арттырады, бұл көптеген нысандарды банкроттыққа, кәсіпорындардың жабылуына алып келеді және сот алашапқынын өрістетеді. Осының салдарынан сыбайластық алаңы кеңи түседі. Жоғары айыппұл салу гуманизм принципін, сыбайластық заңдылығын әлсіретуі мүмкін. Яғни, бизнестің белсенділік екпінін төмендетеді», – деді «Атамекен» РКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді болдырмау бөлімінің басшысы Расул Сыздықов.
Сондай-ақ, тексеріс қорытындыларына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі қаулылардың қатаңдығы да жағдайды қиындата түсетіні айтылды.
Бұған қатысты облыстық қоғамдық денсаулық қорғау департаменті басшысының орынбасары Әділхан Кәрімбаев былай деді: «Біз кәсіпкерлердің көңіл-күйін түсінеміз, бірақ заңның аты заң және біз оны орындауға тиістіміз. Бүгінгі күні тексерістер жоспары бекітілген. Біз өз тарапымыздан кәсіпкерлік нысандарын тексеру туралы бір ай бұрын хабардар етеміз, яғни, кемшіліктерді жоюға уақыт береміз».
– Біз орасан көлемдегі айыппұл мәселесін жақтаушылар қатарында емеспіз, кәсіпкерлерді бұлай тәрбиелей алмайсыз. Бұны қоғам шешуі керек, қоғамдық кеңестер құрылып, әсер етудіңзаманауи және неғұрлым тиімді жолдарын қарастыру керек. Немесе, ауқымды тексерістер жасаудың алдында профилактикалық бақылау ұйымдастырудың бұрынғы тәжірибесін қолдануымыз қажет. Нысанның сәйкестігін айқындайтын дербес аудит институтын дамытқан жөн. Бұл жұмыстар қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің өңірлік органдарына жүктелуі керек,–деді Ақмола облыстық прокурорының орынбасары Қуаныш Әмірәлин.
Мәжіліс қорытындысында Кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық палатасы мен Денсаулық сақтау министрлігіне айыппұл тәртібін қайта қарау жөнінде ұсыныс жасауға шешім қабылдады.
Өз тарапымыздан, биылғы жартыжылдықта облысымыздағы 600-ден астам кәсіпкерлік нысаны тексеріске алынатындығын айта кеткіміз келеді.
Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар