Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылдағы «ашық есік» күні - АРҚА АЖАРЫ

Ауылдағы «ашық есік» күні

Целиноград ауданының Қосшы ауылында Ақмола облысы әкімінің орынбасарлары Асқар Мұратұлы мен Айна Мысырәлімова және бірқатар департамент өкілдері

«Ашық есік күндері» арқылы жергілікті халықтың өзекті мәселелерін шешу жайлы ақылдасты.

Бүгінде өңірімізге тән жергілікті билік өкілдерінің тұрғындармен жиі кездесу өткізуі тамаша дәстүрге айналды. Тұрғындарының саны 50 мыңға тақаған ірі қалашықтың әлі де болса шешілмеген мәселелері, күрмеуі күрделі проблемалары жеткілікті. Ол әдеттегідей автокөлік жолдарына, су мен электр қуатына, дәрігерлік және мәдени шараларға байланысты
туындап отыр.
Өзекті сұхбат барысында ауыл тұрғындары әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар сұрақтарды да аз көтерген жоқ. Мысалы, көпқабатты үйлер саны жыл сайын өскенімен көгалдандыру және көркейту жұмыстары біркелкі қолға алынбайды. Жұртшылықтың тағы да еске салған тілектерінің бірі: көшеттер отырғызу мәселесі болды. Сондай-ақ, шашылған қоқыс төңірегінде де аз әңгіме өрбіген жоқ.
Облыс және аудан басшылары әрбір қойылған сұрақтарға мұқият қарап, кейбір мәселелерді сол жерде шешсе, күрделілерін қойын кітапшаларына жазып алды. Олардың бәріне толыққанды жауаптар берілетініне сенім білдірілді.
«Ашық есік күндері» форматында өтетін жүздесулер бұдан әрі де жалғасын таппақ. Себебі, Нұр-Сұлтан қаласы іргесіндегі осы үлкен өңірдің мәселесі жыл сайын көбейген үстіне көбейе бермек. Осы ірі аймақтың көпқабатты үйлерінде тұратын тұрғындар келешекте өмір сапасының Нұр-Сұлтан қаласынан кем болмауын қалайды.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ,
арнайы «Арқа ажары» үшін.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар