Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Жеңіс жауынгері - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Жеңіс жауынгері

Федор Гаврилович Трубицын

Бүгінгі таңда Ақкөл ауданында Ұлы Отан соғысының көзі тірі жалғыз ғана ардагері тұрады. Ол жасы 94-ке келген Федор Гаврилович Трубицын. Қарт ардагер облысымызға қарасты бұрынғы Сталин ауданы Ново-Донецк ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған кезде бұл отбасынан үш бірдей азамат майдан даласына аттанған екен.
Федор Гаврилович Қызыл Армия қатарына 1942 жылдың сәуірінде шақырылыпты. Кіші командирлер мектебін аяқтағаннан кейін соғысқа Калинин майданында кіріскен. Сол жылы ол жау оғынан ауыр жараланып, Иваново қаласындағы госпитальде емделген. Жазылғаннан кейін оны 145-інші запастағы полкқа, одан кейін №562-інші әскери бөлімнің 49-ыншы атқыштар полкіне жіберген. Соғысып жүргенде жауынгер Литвада екінші рет минаның сынығына жараланыпты.
Жерлесіміз Орша, Каунас, Вильнюс қалаларын жау құрсауынан азат етуге қатысқан. Шығыс Пруссияда соғысып, мыңдаған сарбаздармен бірге Гумбинин және Инстербург қалаларын азат еткен. Жеңіс жайлы жалынды хабарды Кенигсбергтің түбінде жаумен шайқасып жүргенде естіген екен. Алайда, Федор ақсақал соғыс біткеннен кейін елге бірден оралған жоқ. Он бірінші және бесінші әскер құрамалары біріктіріліп, Прибалтикалық әскери округ құрылғанда жерлесіміз де сонда қаншама майдандас достарымен бірге 1950 жылдың наурыз айына дейін Кеңес әскерінің қатарында әскери қызметін жалғастырыпты. Әскерден қайтарылғаннан кейін алты жыл өз мамандығы бойынша Калининград облысында еңбек етіп, тек 1956 жылы елге қайтып оралған. Көп жылдар бойы Ақкөл қаласында түрлі салаларда жемісті еңбек еткен. Сол үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.
Бүгінде ардагердің кеудесінде бірінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін», «Кенингсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының маршалы Жуков атындағы медальдары, басқа да мерекелік медальдар жарқырайды. Қазіргі таңда ардагер Ақкөл қаласында аудан әкімдігі берген жеке пәтерде тұрады. Балалары және немерелері қарияға қарайласып, үнемі хал-жағдайын біліп отырады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар