Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Денсаулық сақтау саласында цифрландыру жүргізілуде - АРҚА АЖАРЫ

Денсаулық сақтау саласында цифрландыру жүргізілуде

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жүйелі түрде кезең-кезеңмен енгізілді. Денсаулық сақтау министрлігінің ең алғашқы порталдық жүйеде енгізген жаңалығы «Тәуліктік стационарға пациенттерді госпитализациялау порталы» болды. Аталған порталды енгізудегі негізгі мақсат – жоспарлы госпитализациялау процесінің ашықтығын, жемқорлық әрекеттерден тазалығын және науқастардың стационарды ерікті таңдау мүмкіншілігін қамтамасыз ету.

Алғашқы кезеңдерде пациентті жоспарлы госпитализациялаудың мерзімі екі күн ішінде анықталатын болған. Бірақ, 2014 жылдан бастап қалалық және облыстық деңгейдегі көпбейінді стационарлар «Госпитализация бюросы» порталының жаңа функционалымен, нақтырақ айтқанда, жоспарлы госпитализацияның мерзімін белгілеуді сұраныс берген сәтте анықтауға мүмкіндік беретін жаңа тәсілмен жұмыс істеуде.
Ақпараттандыру жүйесінің басқа да өнімдері сияқты «Госпитализациялау бюросы» порталы сенімді статистикалық мәліметтерді жинауға және сол арқылы госпитализациялауды ауруханалық ауқымда, денсаулық сақтау басқармасының және Денсаулық сақтау министрлігінің деңгейінде де жедел түрде басқаруға мүмкіндік беруде. Бұған 2018 жылы госпитализацияланған науқастар санының 2012 жылғы көрсеткіштен 13,6 пайыз артқаны дәлел болады. Сонымен қатар, оң көрсеткіш ретінде «Госпитализация бюросы» порталының стационарды ерікті таңдау принципін жүзеге асыруға мүмкіндік беруін айта аламыз. Портал жұмыс істеген жылдары стационарды ерікті таңдау бойынша жоспарлы түрде – 265179 науқас ем алды, бұл барлық емдеуге жатқызылған науқастардың 98,4 пайызын құрайды. Өз кезегінде Ақмола облысының емханалары стационарды ерікті таңдау құқығы бойынша басқа облыстардан 25620 науқасты емдеуге қабылдаған.
Науқастар санының көптігі жоспарлы госпитализация кезегінің бірнеше апталарға, тіпті бірнеше айларға дейін алдын ала жоспарланатынын көрсетеді және сол себептен медицина қызметкерлері науқастардан стационарға жоспарланған күні уақытылы келулерін сұрайды. Стационарға жоспарланған күні науқас қандай да бір себептермен келе алмайтын болған жағдайда, жолдаушы дәрігерге ескертуі тиіс. Мұндай әрекеттер госпитализация процесіне теріс әсер ететін жоспардан тыс жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
Төлеген ИСМАҒАМБЕТОВ,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының Ақмола облыстық филиалының бөлім меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар