Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасы - АРҚА АЖАРЫ

Елбасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бір жол, бір белдеу» екінші халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу рәсіміне қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге қонақжайлық танытып, Форумға шақырғаны үшін ризашылық білдірді.
– Қытай халқында «Бай болғың келсе, жол сал» деген тәмсіл бар. Бұл дана сөз бірлесе жаңғыртып жатқан Ұлы Жібек жолының тарихына да тікелей қатысты. Екі мың жыл бұрын адамдардың батылдығы мен іскерлігінің арқасында Еуразия жолдардың бір желісіне біріккен еді. Мұны адамзат тарихындағы жаһанданудың алғашқы қадамдары деуге болады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев соңғы отыз жыл ішінде Еуразиядағы Жібек жолын жаңғыртудың көптеген тұжырымдары болғанын және олардың жүзеге аспағанын атап өтті.
– Адамзат дамуының болашақ үрдісі айқындалғандай болып көрінген еді. Бірақ, 2013 жылы Қытайдың Қазақстанда ұсынған Жібек жолы моделі қазіргі заманғы геосаяси жағдайларда өміршең ғана емес, табысты жобаға айналды. Бұған оның бес жылдан астам уақыттағы даму кезеңі дәлел, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев «Белдеу және жол» бастамасына Қазақстанның әуел бастан қолдау білдіргенін атап өтіп, Жібек жолының Экономикалық белдеуі жобасы мен Еуразия экономикалық одағын ұштастырудың әлеуеті зор екеніне тоқталды.
– Қазақстан соңғы он жыл ішінде инфрақұрылымды, көлік-логистика активтерін және құзыреттілікті дамытуға шамамен 30 миллиард доллар инвестиция салды. 3 мың шақырымға жуық ұлттық теміржол желісі және 12,5 мың шақырым автомобиль жолдары салынды немесе қайта жөндеуден өтті. Еліміздегі теңіз және әуе порттары жаңғыртылды. Нәтижесінде қысқа мерзім ішінде біздің елде заманауи және бәсекеге қабілетті транзиттік хаб құрылды. 2016 жылдан бастап «Нұрлы жол» бағдарламасын Жібек жолының Экономикалық белдеуімен ұштастыру жоспары табысты іске асырылуда. Еуропа мен Қытайды Ресей мен Қазақстан арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» құрлықаралық жоғары деңгейлі автомагистраль байланыстырды. Біздің еліміз Қытайдың Ляньюньгань портында логистикалық терминал салды. «Қазақстан – Түрікменстан – Иран – Парсы шығанағы» бағытындағы теміржол іске қосылды. Қытайдан Оңтүстік Кавказға, Түркияға және одан әрі Еуропаға Қазақстанның Ақтау және Құрық порттары арқылы жөнелтілетін жүктердің көлемі артып келеді, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
– Әлемдік саясаттағы жаңаша ойлау барлық елдердің мүдделерін жұмылдыруға бағытталған менің G-Global идеяммен үндеседі, – деп атап көрсеткен. Елбасы бүкіл Қытай халқын Қытай Халық Республикасының 70 жылдығымен құттықтап, мемлекетті дамыту жолындағы мақсаттарының орындалуына тілектестік білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар