Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Осы заманғы мектеп: дәстүрі, жаңашылдығы, табыстары» - АРҚА АЖАРЫ

«Осы заманғы мектеп: дәстүрі, жаңашылдығы, табыстары»

Осындай тақырыппен «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысы білім беру ұйымдары директорларының форумы болып өтті. Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, сөз сөйлеп, өңіріміздің бірқатар мектеп басшыларын Алғыс хаттарымен марапаттады.

Адамзат баласы үшін ұлағатты ұрпақтан асқан қымбат қазына жоқ! Ал, балаға саналы тәрбие, сапалы білім беретін – мұғалім. Адымдап секунд са-йын дамып, алға ілгерілеген жаңа заман көшінен қалыспау үшін білімі терең білікті мамандар қажет. Жалпы жаңа ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек? Заманауи мектептің дәстүрі, жаңашылдығы, табыстары қандай? Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісовтің төрағалығымен өткен пленарлық отырыс-та білім саласына байланысты көптің көкейінде осындай өзекті мәселелер талқыланды. Қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне сәйкес қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, функционалдық сауаттылықты дамыту, тұлғаның үйлесімді қалыптасуы мен дамуы мәселелерінде міндеттер белгіленді.
Пленарлық отырыста «Мектеп асханалары» және «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» партиялық жобаларын іске асыру барысы туралы «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов сөз сөйледі. Сонымен қатар, EDTECH халықаралық білім беру орталығының бас директоры, академик Ғани Бектайұлы «Заманауи мектеп: жаңа ойлау» тақырыбында баяндама оқыды.
– Халық мұғалімдерді «Педагог мәртебесі туралы» Заң үшін емес, жеке қасиеттері, білімі мен жұмыс істеуге, өзін көрсетуге деген ынта-ықыласы үшін құрметтеуі тиіс»,– деп атап өтті академик. «Біз жылдам өзгерістер заманында өмір сүріп жатырмыз. Сол себепті білім беру қызметіне деген көзқарасымызды өзгерту қажет», – деп ойын қорытындылады Ғани Бектайұлы.
Жиында «Ұстаз» білім беру орталығының бас директоры Әлімжан Бекежанұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының орта білім беру орталығының директоры Манар Елекенқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты Федор Вассерман, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы Жанна Байғаринова сөз сөйлеп, жаңартылған білім мазмұны аясында мектепті басқару жұмысында іске асырылуы тиіс бірқатар мәселелер бойынша келелі ұсыныстарды ортаға салды.
Білім беру ұйымдары басшыларын кәсіби қолдау, мадақтау мақсатында өткен екі күндік іс-шара бағдарламасы негізінде педагог қызметкерлер жеті өзекті мәселе бойынша секцияларға қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар