Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еріктілер және олардың ізгі істері - АРҚА АЖАРЫ

Еріктілер және олардың ізгі істері

Бүгінде қайырымдылықпен айналысатын адамдардың көбейіп келе жатқаны қуантады. Соның бірі – өзіміз күнде қарап жүрген инстаграмдағы «Добрые дела – Шортанды» еріктілер тобы. Біздің бүгінгі әңгімеміз осы әлеуметтік желідегі топты құрып, тұрмысы төмен отбасылармен тығыз жұмыс жүргізіп жүрген Нұрсайт Сұлтанұлы Машанлоның төңірегінде өрбімекші.

Инстаграм парақшасындағы «Ізгі істер» тобының әлеуметтік бейне-ролигіне қарап отырып, қайырымдылықтың шегі жоқ екеніне тағы да бір көз жеткізе түстік. «WhatsApp» messenger-да «Ізгі істер» тобының құрылуымен басқаларға көмектесуге дайын адамдар да көп екендігі байқалады. Бүгінде шортандылықтардың қамқорлығының арқасында көптеген азық-түлік өнімдері, киім-кешек жиналып, олар шынымен мұқтаж жандарға таратылуда. Нұрсайт Сұлтанұлының инстаграмда еріктілер тобын құру туралы идеясы аудан басшылығынан да қолдау тапқан. Оған басқа адамдар да бей-жай қарамайтыны анық.
– Менің ұлтым дұнған. Шортандыға көшіп келген алғашқы үш жылда ауылда көкөніс өсірумен айналыстық. Алайда, оны суару мәселесі қиын болды. Соған қарамастан, қиыншылықтан шығуға тырыстық. Жолдасым орыс ұлтынан. Ислам дінін қабылдап, бес уақыт намазын оқиды. Үш баламыз бар. Алла жазса, төртінші сәбиімізді күтіп жүрміз, – деп бастаған әңгімесін кейіпкеріміз одан әрі жалғады. Әрі біздің «мұндай жауапкершілігі мол жұмысты өз еркіңізбен бастауыңызға не түрткі болды?» деген сауалымызға: – Алғашында екі қап картобым болды. Бірін өзіме қалдырып, екіншісін бекерге бұзылып кеткенше, біреулерге беруді жөн көрдім. Сөйтіп, 2018 жылдың 6 қазанында инстаграмдағы өз парақшамды аштым. Тобыма 200-ге тарта адам хабарласып, біреулері бір қап сәбіз, бірі орамжапырақ берем деп жаза бастады. Сөйтіп, бір қапты бір отбасына ғана емес, оларды бес отбасына бөліп беруді ойластырдым. Парақшамды қарасам, «қарақұмық, макорон өнімдері, тағы басқаларын әкеліп берсек бола ма?» деп жазба қалдырыпты. Міне, біздің еріктілер тобы осылай құрылды. Біз оны сондықтан да «Ізгі істер» деп атадық. Енді, міне тағы азық-түлік жиналды. Соны сәуірдің соңында үлестіріп беретін боламын. Тағы бір айтарым, қайырымдылық жасағысы келген біреулерінің уақыты жоқ болса, олар менің есепшотыма ақшаларын аударып жібереді. Ал, мен өзім дүкеннен тұрмысы төмен отбасыларға керек нәрселерді сатып аламын. Қазір 15 келі қарақұмық, 10 келі қант, 10 келі макорон бар. Тіпті, жаны жомарт жандар өздері де азық-түлікті 5,10 келілеп әкеліп тастайды. Оларды бір келіден бөліп-бөліп өлшеп, мүмкіншілігі жоқ жандарға таратуға дайындап қоюды әдетке айналдырдым. Оны өзімнің көлігіммен үйлеріне апарып беремін. Олармен сөйлесемін. Немен айналысады? Осылай біздің еріктілер тобының жұмысы жүріп жатыр.
Бүгінде мен тек қана азық-түлік жинаумен айналыспаймын, киім-кешек те жинап үлестіремін. Мәселен, маған бірде Нұр-Сұлтан қаласынан да хабарласып, «Нұрсайт машинаңмен кел, киюге болатын жақсы киімдер бар», – деді. Киімдері жап-жақсы, мен барып тиеп, алып қайттым. Одан басқа теледидарлар да болды. Оны мен үйі өртеніп қиын жағдайда қалған отбасыларына апарып бердім. Өзім аудан орталығында тұрамын. Жиналған азық-түлікті айналамыздағы төрт ауылдың тұрмысы төмен отбасыларға таратамын. Ай бойы жинап, айдың соңында үлестіремін. Соңғы рет 21 наурызда тараттым. Әрине, оған да 10-15 күн уақыт кетеді. Халықтың тұрмысын ойлаған адамдар зекет берген сияқты өздерінің көмектерін осылай көрсетіп, сауабын да алып жатыр деп ойлаймын, дейді кейіпкеріміз.
Осылайша жаста болса, бас болып жүрген Нұрсайт Машанлоның тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіп келе жатқан еріктілер тобының қыс мезгілінде аулаларын қар басып қалған қариялардың үйіне барып, қар тазалағандары да көңіл қуантады. Әсіресе, көп балалы, соның ішінде жеті, тоғыз балалы отбасыларға үнемі көмек беріп отыратыны да инстаграмға жүктелген.
«Добрые дела – Шортанды» еріктілер тобының бүгінге дейін атқарып жатқан жұмыстары инстаграмда бейне-роликтер арқылы көрсетіліп қана қоймай, тұрмысы төмен адамдардың ертеңгі күнге деген үміт отын оятып, қайырымдылық істері көпшіліктің көкейінен шығуда.
Иә, шынында да, қайырымдылықтың шегі жоқ. Жүрегі мейірімділікке бөленген Нұрсайт Сұлтанұлы сияқты жомарт жандарымыз көп болсын!

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Шортанды ауданы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар