Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәжіліс депуттары Ақмола облысында - АРҚА АЖАРЫ

Мәжіліс депуттары Ақмола облысында

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары аймақтарға арналған іс сапары кезінде сайлаушылармен кездесіп, Елбасы Н.Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларының орындалу барысымен танысуда.

Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Шалқар ауылының тұрғындарымен кездескен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшелері З.Аманжолова, Б.Хаменова, Ж.Дүйсенбаев және Б.Оспанов көпбалалы отбасылар мен тұрмысы төмен жанұяларға мемлекет тарапынан берілетін көмек тетіктерін баяндап берді. Осы орайда Қазақстан Республикасы Парламентінің қабырғасында талқыланған  заң жобалары барысына да тоқтап өтті.

Халық қалаулыларымен кездесуге келген ауыл тұрғындары мақсатты әлеуметтік көмектің тағайындалуы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандардың жәрдемақысын көтеру, тұрғын үй алу, көпбалалы аналарға жасалатын көмек мәселері бойынша сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.

Сонымен қатар Шалқар ауылдық мектебінің ұжымы  және ата-аналарымен кездескен депутаттар бюджеттік сала  қызметкерлерінің   жалақысының көтерілуі, мақсатты әлеуметтік жәрдемақының қайта есептелуі сынды мәселелер бойынша толық түсініктеме берді.

Халық қалаулылары бірінші кезекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларының жүзеге асырылу барысы, оның ішінде, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды қолдау шараларына ерекше көңіл бөлінетіндігі айтты.

Жалпы, өңірлерді аралауға шыққан депуттар  кездесу барысында осы бағытта қабылданған заңнамалық құжаттармен қатар, жалпы заңшығарушылық жұмыстар жөнінде баяндайды. Халық қалаулылары өндіріс орындарында, ауылшаруашылық және әлеуметтік нысандарда болып еңбек ұжымдарымен және жастармен кездеседі, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық қабылдауын өткізеді деп жоспарлануда. Мәжіліс депутаттарының халықпен кездесуі облыс, аудан орталықтарымен қатар шалғайдағы елді мекендерді де қамтитын болады.
Динара Дүйсен

«Nur Otan»партиясы

Ақмола облыстық филиалының баспасөз  хатшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар