Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зәуреш Аманжолова мен Бақытгүл Хаменова жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болды.
Халық қалаулылары №2 Қараөткел орта мектебінің және Целиноград аудандық емханасының ұжымдарымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының ХҮІІІ съезіндегі партия төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 4 партиялық жобасы аясында қойылған нақты тапсырмалары жөнінде ақпарат беріп, «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының басым бағыттарына жеке-жеке тоқталып, маңыздылығын түсіндірді.Мектепте өткен кездесуге келген ауыл тұрғындары әлеуметтік мәселер бойынша сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды. Ауданынға іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары партияның қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. «Арқа ажарының» өз ақпараты.