Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әскер қай кезеңде де еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің тірегі, азаматтарымыздың саулығы мен тыныштығының кепілі болғаннан кейін бұл мереке әрбір қазақстандық үшін өте маңызды мереке. Қазақстан әскерінің рөлін айшықтай келе, Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген болатын: «Қазақтан
Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында қызмет ету мүмкіндігіне ие болу – зор мәртебе. Біз – бейбіт елміз. Көрші мемлекеттерге ешқандай наразылығымыз жоқ. Бірақ, тәуелсіздігімізді, еліміздің шекарасын көздің қарашығындай қорғау үшін жоғары мобильді, жақсы жарақтанған әскеріміз бен жан-жақты дайындалған Отан қорғаушыларымыз болуы қажет».
Әскери қызмет жауапкершілігі мол, әр азаматтың міндетін абыроймен атқаруын талап ететін батылдық пен қайсарлықтың мектебі деп білеміз. Қазақстанның қорғаныс әлеуетінің нығайтылуы мен ұлттық мүдденің сенімді қорғалуы – азаматтарымыздың берекелі өмірінің негізі.
Отан қорғаушылар күнінің Жеңіс күні қарсаңында атап өтілетіні көңілге қуаныш ұялатады. Бүгінде батыр әкелеріміз бен ағаларымыздың ерлік жолдарын жас ұрпақ өкілдері абыроймен жалғастыра түсуде. Жастардың Отанға деген сүйіспеншілік пен оны қорғауға деген ықыластары өте жоғары. Осы орайда, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, интернационалист-жауынгерлерге, сондай-ақ, әскери қызметшілерге де лебізді құттықтауымды жеткізгім келеді.
Барша ақмолалықтарға бейбіт өмір, амандық-саулық, жетістіктер тілеймін. Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Құрметті әскери қызметкерлер мен Қарулы Күштердің ардагерлері!
Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді шын жүректен ержүректілік пен табандылықтың мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Осы күні біз өз өмірін Қарулы Күштерге қызмет етуге арнаған, халықтың тыныштығы мен бейбітшілігін қорғаған және қорғап жүрген жандарды құрметтейміз.
Тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық мүддені берік қорғау және Қазақстанның қорғаныс әлеуетін нығайту – елімізді тұрақты дамытудың негізі болғандықтан, заманға сай әрі кәсіби әскерді құру мен қорғануға қабілеттілікті арттыруға баса назар аударылып келеді.
Сіздердің әрқайсыңыз ата-бабамыздың және Қарулы Күштеріміздің даңқты әскери дәстүрін жалғастырып келесіздер.
Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін! Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар