Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әр саланың жағдайымен жете танысты - АРҚА АЖАРЫ

Әр саланың жағдайымен жете танысты

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Бұланды ауданында болып, жаңа тұрғын үйлер құрылысының барысымен және бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Аудан орталығы Макинск қаласында аймақ басшысы екі жалдамалы үйдің құрылысын аралап көрді. Лесная көшесіндегі 40 пәтерлі үй мен Бөгенбай көшесіндегі 45 пәтерлік үйдің пайдалануға берілуі осы жылға жоспарланған. Пәтерлер медицина қызметкерлері мен кезекте тұрған адамдарға бөлінеді. Ермек Маржықпаев аудан әкімі Талғат Ерсейітовке құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды. Бұнымен бірге, көп балалы аналардың тұрғын үй мәселесін зерттеп, көруді және салынып жатқан үйлерде пәтерге мұқтаж жандарға да пәтерлер бөлу мүмкіндігін қарастыруды жүктеді.
Степгеология кентінің қазандығында облыс әкімі жылу беру маусымының қорытындылары және келесі маусымға дайындық жұмыстары туралы сұрастырып білді. Модульдік қазандық пен жылу желілерінің құрылыс алаңын аралап көрді. Бұл инфрақұрылымдық жобаның маңыздылығын ескере келе, облыс әкімі салалық басқармалардың басшыларының алдына созылып кеткен құрылысты аяқтау жөнінде ұсыныс енгізу міндетін қойды.
Макинск құс фабрикасы мен «Журавлевка-1» серіктестігінің жұмысымен танысқан облыс әкімі оларды одан әрі дамытудың перспективаларын қарастырды. Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасының әзірге жылына 25 мың тонна құс етін өндіретін бірінші кезеңі іске қосылып отыр. Қазіргі уақытта 2025 жылы пайдалануға берілуге тиіс екінші кезеңін де іске қосуға дайындық толық көлемде жүргізіліп жатыр. Жоба іске асқанда кәсіпорын сағатына тоғыз мың бройлер шығара алады. Фабрика толық қуатында жұмыс істей бастағанда Қазақстандағы құс еті импортының 30 пайызын жабады деп күтілуде.
«Журавлевка-1» ЖШС Капитоновка селолық округінде орналасқан. Егіншілік саласында астық және майлы дақылдар өндірудің жаңа технологиясына көшіп, топырақты нөлдік өңдеу әдісімен жұмыс істеуде. Фермерлер асыл тұқымды мал шаруашылығын ойдағыдай қолға алуда. Мұнда қазақтың ақ бас сиырларына басымдық берілген. Бір әттеген-айы, сүтті мал шаруашылығын дамытуға ауылда орталық сумен жабдықтау жүйесінің жоқтығы кедергі келтіруде. Облыс әкімі бұл мәселенің «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының шеңберінде қарастырылып жатқандығын атап өтті.
Өз кезегінде осы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халыққа ауыз су тасып жеткізуді де қолға алып отырғандығын айта кету керек. Сондай-ақ, аталған кәсіпорынның қаржысына Капитоновка ауылының су құбыры желілерін қайта жаңартудың жобалық-сметалық құжаттамасы да жасалған.
Жұмыс сапарының соңында аймақ басшысы орта мектепте болып, биыл оқу бітіретін түлектермен кездесті. Ғимаратты қарап шыққаннан кейін Ермек Маржықпаев аудан және білім басқармасының басшыларымен мектеп шатырын жаңарту мәселелерін талқылады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар