АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Qazaq Banki» АҚ, «Банк Астаны» АҚ,
«Эксимбанк Казахстан» АҚ салымшыларының назарына!

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) таратылып жатқан банктердің салымшылары-жеке тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге өтеуді төлеу жұмысын жалғастырып жатыр. Ағымдағы шоттарда және төлем карталарында жинақталған сыйақылар есепке алынған салымдарға орналастырылған ақша қаражаттары өтеліп жатыр.
Өтеуге бөлінген ақша қаражаттары банк-агенттерде қарастырылған және кез келген уақытта қол жетімді. ҚДКҚ өз өтемдерін алмаған салымшыларға жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші кез келген бөлімге жүгінуді ұсынады:
• 2019 жылдың 24 маусымына дейін – «Qazaq Banki» АҚ салымшылары (банк-агент – «Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ);
• 2019 жылдың 26 шілдесіне дейін – «Астана Банкі» АҚ салымшылары (банк-агент – «Еуразиялық Банк» АҚ);
• 2019 жылдың 4 тамызына дейін – «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшылары (өтемді төлеу «Қазпошта» АҚ-ның орталық бөлімшесі арқылы жүргізіледі).
ҚДКҚ-ның мамандарынан депозиттер бойынша кепілдік беру туралы кеңес алу үшін мына мекен-жайға жүгінуге болады:
• 1460 (тегін) байланыс нөмірі бойынша ҚДКҚ-ның call-орталығына;
• ҚДКҚ-ның телеграм-чатына: @KDIF_Ask;
• Facebook-тегі ҚДКҚ-ның ресми парақшасына: @KDIFKZ, Instagram: Deposit_KZ.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар