2019 жылғы 21 сәуірде Алматы қаласында «Алматы марафоны» іс-шарасы өтті. «Алматы марафоны» Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы.
Оған әлемнің 53 елінен 17 мың спортшы қатысты. Осы марафонға Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 1-ПБ кәсіби даярлық жөніндегі аға инспекторының міндетін атқарушы, полиция кіші сержанты Бауыржан Теміржан да қатысты. Ол 18-24 жас аралығындағылар арасында 3 сағат 38 минут 56 секунд уақытпен 200 қатысушының ішінде 18-інші орынды иеленді. Мәреге барлығы 165 спортшы жетті. Олардың бәрі арнайы медальмен марапатталды.
Полиция кіші сержанты Бауыржан Теміржанға қазақтың абыройын көтеріп, спортта жаңа биіктерден көрінуге, алдағы жарыстарда да жеңіске жетіп, баршамызды қуантуға тілектестігімізді білдіреміз.
Ақмарал ТАУКИЕВА,
Ақмола облысының МКҚБ 1-ПБ-ның қызметкері, полиция кіші сержанты.