Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қасым-Жомарт Тоқаев өз штабының мүшелерімен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев өз штабының мүшелерімен кездесті

Республикалық қоғамдық штабқа 190 адам кірген, оның 30-ы «TimeQazaqstan» жастар қанатының мүшесі.

Жалпы ел аумағында 17 аймақтық, 210 қалалық және аудандық қоғамдық штаб жұмыс істеп, онда 6 мыңға жуық адам қызмет көрсететін болады. Кандидаттың 19 500 сенімді өкілі анықталған.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат республикалық және аймақтық қоғамдық штаб басшыларымен және мүшелерімен кеңес өткізді. Жиынның ашылуындағы сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды науқанның маңыздылығына тоқталып, сайлау – Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңге жол ашатынын атап өтті. Сайлауалды кезеңде штабтар мен партияның барлық ұйымдастырушылық әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін айтып, бірқатар басымдықтарды анықтап берді.
– Біздің сайлауалды бағдарламамыз сабақтастық, әділдік және өрлеу деген негізгі үш қағидаға негізделген. Өйткені, Елбасы саясатының сабақтастығы ғана еліміздің қарқынды дамуын қамтамасыз етеді. Азаматтар үшін ең маңыздысы – әл-ауқаттың артуы. Біздің экономикалық жетістіктерімізді әр қазақстандық сезінуі тиіс. Бұл – әділдіктің белгісі. Сондықтан, алдымызға нақты мақсаттар қойып отырмыз. Оған қол жеткізу үшін біз үздіксіз дамып, үнемі өрлеп, өркендеуіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды науқан кезеңін және сайлауды ашық әрі әділ өткізу үшін қолданыстағы заңнамалардың талаптары қатаң сақталуы қажет екеніне баса назар аударды.
– «Nur Otan» партиясы ашық сайлау өткізуді және демократиялық талаптардың қатаң сақталуын қалайды. Ел үшін таза, ашық, әділ сайлаудың өткені аса маңызды, – деді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат.
Кеңесте республикалық қоғамдық штабтың басшысы, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа электоралды науқан кезіндегі штабтың жұмысы жайында баяндап берді. Оның айтуынша, еліміздің барлық аймақтарында 227 қоғамдық штаб жұмыс істейді. Ондағы барлық іс-шаралар Қазақстанның сайлау туралы заңнамаларына сәйкес, арнайы жүйелік кестелерге және электоралды науқанның медиа-жоспарына негізделген.
Жиын барысында Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының сайлауалды штабының жетекшілері бейнебайланыс арқылы дайындықтары туралы баяндады. Сондай-ақ, республикалық штаб мүшелері: «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Мұхтар Алтынбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, штабтың жастар қанатының мүшесі, көркем гимнастикадан әлемдік сайыс-тарда топ жарған белгілі спортшы Анна Алябьевалар сөз сөйледі.
Республикалық қоғамдық штаб мүшелері 13 мамырдан бас-тап еліміздің барлық өңірлерін аралап, халықпен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Ол жиындарда кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басты қағидалары мен халық үшін өзекті мәселелер талқыланбақшы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар