Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады.
Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов Нұрсұлтан Назарбаевқа сот жүйесін жаңғырту, соттардың қызметін жетілдіруге және судьялардың жұмысына деген халық сенімін арттыруға бағытталған 15 заң жобасы әзірленгені туралы айтты, сондай-ақ, 2018 жылғы 19 қарашадағы кеңесте берілген тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланды.