Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президент - АРҚА АЖАРЫ

Президент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ХІІ Астана экономикалық форумға қатысушы шетелдік жетекші сарапшылармен дөңгелек үстел форматында

өткізген кездесуінде әлемдік экономикадағы, саудадағы және саясаттағы жаһандық үрдістер талқыланды.

Баяндамаларда Қазақстан мен Орталық Азияны дамытудың перспективаларына және «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді.
АҚШ-тың Федералды резерві төрағасының бұрынғы орынбасары, Израиль Орталық банкінің экс-басшысы Стэнли Фишер әлемдік экономикадағы қазіргі жағдайда тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ете алатын монетарлық саясаттың негізгі факторларына егжей-тегжейлі тоқталды. Кез келген бағытта табысқа қол жеткізу үшін білімнің маңызды рөл атқаратынын айтты.
Оксфорд университетінің профессоры Питер Франкопан Орталық Азиядағы және Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге, сондай-ақ, «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Қытай бастамасына қатысты өз пікірін айтты. Колумбияның бұрынғы президенті, әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты Хуан Мануэль Сантос Кальдерон барлық шиеленісті жағдайларда бейбіт диалогтың маңызды екенін атап өтіп, Венесуэладағы қазіргі саяси тұрақсыздықтың Латын Америкасы елдерінің және жалпы әлем экономикасы үшін қауіп төндіретінін айтты.
Пікірталасқа Бәсекеге қабілеттілік орталығы IMD директоры Артуро Брис, Бейжің университеті, Жаңа құрылымдық экономика институтының деканы Джастин Ифу Линь, The Other Canon Foundation сараптамалық орталығының негізін қалаушы Эрик Райнерт, «Nokia Corporation» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаа, The Boston Consulting Group төрағасы Ханс-Пол Бюркнер қатысты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан кейінгі жылдары белгілі бір деңгейде дамығанын және еліміздің өз қарқынын одан әрі ілгерілете беретінін атап өтті.
– Қазақстан биік мақсаттары мен стратегиялық жоспарлары бар жаһандық трендтер айқындалатын жаңа дәуірге қадам басты. Олардың табысты жүзеге асырылуы еліміздің дамуына маңызды үлес қосуы тиіс. Біз бүгінде барлық көршілерімізбен, стратегиялық әріптестерімізбен ынтымақтастық орнатуға ашықпыз. Қазақстан алдағы уақытта да өзінің даму жоспарын жүзеге асыру үшін үздік халықаралық тәжірибелерді ескеретін болады. Біз үшін халықтың әл-ауқатын арттыру, білім және денсаулық салаларын дамыту басым бағыт саналады, – деді Мемлекет басшысы.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев дөңгелек үстел жұмысына қатысқандарға мазмұнды диалогы және құнды кеңестері үшін ризашылығын білдірді.
***
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы делегациясымен кездесті. Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Герман Грефті, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Хань Чжэнді, Армения Президенті Армен Саркисянді қабылдады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар