Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы мен облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы бірлесіп, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында спорттық эстафета ұйымдастырды.
Іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Оның мақсаты – жұртшылық назарын АҚТҚ/ЖИТС-тің таралу проблемасына және оны жұқтырғандарды әлеуметтік қорғауға аудару.
Бұл эстафетаға барлығы бес колледждің оқушылары қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде жоғары медициналық колледжі 1-орын, «Арна» жоғары колледжі 2-орын, «Бурабай» колледжі 3-орынды иеленді. Қатысқан барлық командалар Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Тұрлыбек ЖОЛДАСПАЙ,
Көкшетау қаласының Жастар Ресурстық орталығының әдіскері.