Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіподақтың беделі жоғары болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіподақтың беделі жоғары болуы керек

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің республикалық кәсіподағының төрағасы

Егор Каппельдің қатысуымен Ақмола өңіріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының облыстық форумы болып өтті.

Орталыққа 80 мың кәсіподақ мүшесі тіркелген. Форумға әртүрлі өндіріс саласындағы 170 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты. Егор Каппель өз сөзінде алдағы жұмыстағы басты басымдық бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен және қатардағы кәсіподақ мүшелерімен «кері байланысқа» берілетінін, бұған дейін кәсіподақ жабық ұйым болып келгенін, жиналған қаржының қайда жұмсалатынына ешкім есеп бермейтінін айтты.
Бүгінгі таңда Ақмола облыстық кәсіподақ орталығы облыстық салалық кәсіподақтармен бірге кәсіподақтың беделін көтеруге бағытталған бірқатар жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, әлеуметтік серіктестерден жеңіл бағамен тауарлар мен қызмет сатып алуға мүмкіндік беретін электрондық кәсіподақ билеті жасалып, «Айболит» дәріхана жүйесі, «Бағира» туристік фирмасы, «Чайка» балаларды сауықтыру орталығы, «ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май құю жүйесі тәрізді тұрғындарға қызмет ұсынатын бірқатар кәсіпорындармен жұмыс жүргізілуде. Ол жөнінде Ақмола облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов айтып өтті.
–Биылғы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Кәсіподақ федерациясы меншігіне кіретін шипажайда кәсіподақ мүшелерінің демалуына және емделуіне жеңілдік ұсыну жұмысы жүргізілді. Бұл жұмыс жалғасуда. Келесі жылы кәсіподақ мүшелеріне жеңілдік ұсынатын кәсіпорындар саны көбейеді. Биылғы жылы Наурыз тәрізді бірқатар ірі мәдени шаралар өткізілді. Қазақстан Респуб-
ликасы Кәсіподақ федерациясы бас кеңесінің шешімімен кәсіподақтар тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президенттігіне өз кандидатын ұсынды. Бұл бізге кәсіподақтың ұйымшыл әрі ірі күш екенін көрсетуге мүмкіндік берді. Басты міндетіміз – еліміздегі кәсіподақ қозғалысы қатарын біріктіру,–деді орталық төрағасы.
Соңғы кезде кәсіподақ орталығы өңірдегі жоғары және орта оқу орындарының түлектері үшін бос жұмыс орны жәрмеңкесін өткізуді қолға алды. Сондай-ақ, Еңбек күні мерекесінде минифутбол, волейбол мен шахматтан облыстық салааралық спартакиада өткізілген. Әлеуметтік серіктестік аясында облыс кәсіподақтары атқарушы органдардың және кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен жақсы қарым-қатынас орнатып, еңбекақыны уақытында төлеу, еңбеккерлердің еңбек құқын қорғау мәселесін көтерді. Мәселен, ауыл шаруашылығы құрылымдары бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құруға асығар емес. Әр саладағы мыңдаған жұмыс берушілер еңбеккерлермен еңбек келісім-шартына отырмайды. Сөйтіп, заң мен еңбек кодексінің нормалары белінен басылып, еңбеккерлердің наразылығын тудырады. Өңірдегі кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталу жағдайы және жұмыс берушілер өз еңбеккерлерінің еңбек құқын бұзуының алдын алу шаралары жөнінде Ақмола облыстық еңбек жөніндегі инспекция басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбек Баймұсынов айтып берді. Шара барысында «Тыныс» акционерлік қоғамындағы кәсіподақ комитетінің төрағасы Бейбіт Нұрақаев, облыстық денсаулық саласындағы «Сенім» кәсіподағының төрағасы Серік Кәкенов және өзге де кәсіподақ төрайымдары ұжымдық келісім-шарт, кәсіподақ мүшелерінің құқын қорғау, педагог мәртебесі, жастарды кәсіподақ қозғалысына тарту, еңбек жағдайын жасау жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында бірқатар кәсіподақ қозғалысының белсенділері Алғыс хатпен марапатталды.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар