Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Тазша балаға» талпыныс - АРҚА АЖАРЫ

«Тазша балаға» талпыныс

Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен халық ауыз әдебиетінің інжу маржандарын кеңінен насихаттау, Тазша бала бейнесі арқылы қазақ халқының тапқырлығын, әзілкештігін, ұлттық өнерді насихаттау мақсатында «Тазша бала» байқауы болып өтті. Байқауға бастауыш мектеп жасындағы 7-12 жас аралығындағы оқушы балалар қатысты.

«Тазша бала» байқауы үш кезеңнен тұрды. «Айтпаймын, қыз берсең де, өтірікті» бөлімінде оқушылар сөзіне бір ауыз шындық қоспай, өзін таныстыру қажет болса, «Тышқан мініп қой бақтым» сайысында көрініс қойылды. Ал, соңғы бөлімде әр қатысушы пародия, пантомима, этюд, монолог, тағы басқа жанрлар бойынша өнер көрсетті.
Халық «Тазша баланың кырық өтірігі» жөніндегі ертегіні де ұрпақтан-ұрпаққа қастерлей жеткізіп келеді. Бұл – өтірік өлеңнің қазақ фольклорындағы көне де дәстфүрлі жанр екендігін көрсетеді. Тазшадай тапқырлығы мен шешендігін көрсетіп, өнерін ортаға салған өрендер сайыс соңында естелік сыйлықтармен марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынмен Көкшетау қаласындағы ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Жақып Әлішер марапатталса, екінші орынды №19 орта мектебінің оқушысы Таңатар Бақдәулет иеленді. Ал, №6 орта мектеп лиейінің оқушысы Ақан Мирас үшінші орыннан көрінді.
Өнер додасына қатысқан барлық өрендердің барлығы ұйымдастыру алқасының арнайы сыйлығымен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар