Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президенттікке үміткерлер – ел ішінде - АРҚА АЖАРЫ

Президенттікке үміткерлер – ел ішінде

Кəсіподақтар федерациясынан президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарының аясында Батыс Қазақстан облысындағы Сырым аудандық білім беру бөлімінде болып, «Кəсіподақ ұйымы жəне оның қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел жиынын өткізді. Үміткердің сенімді адамдары Амангелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген еңбек адамына жан-жақты қолдау көрсету, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы жан-жақты түсіндіріп айтып берді. Кездесу соңында аудандық білім саласының кəсіподақ мүшелері бірауыздан сайлауда дауыс беруге белсенді қатысатындықтарын жеткізді.
***
ҚКХП-нан ұсынған президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбековтің Шымкент қаласындағы сайлауалды қоғамдық штабының өкілдері белсенді жастармен кездесті. Индустриялық-техникалық колледжде өткен жиында қалалық штаб жетекшісі Н.Қадырқұлов студенттерге партия кандидатының бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол маркстік-лениндік ұстанымдардың маңыздылығына тоқталып, коммунистік тəрбиенің негізгі тетіктерін атап өтті. Сондай-ақ, бүгінгі таңда жастардың мемлекеттің тағдырына алаңдаушылығы бəсең екенін, олардың түрлі оқиғаларға бейжай қарауы белең алып бара жатқанына назар аударды. Интернеттің белгілі бір контенті жастар арасында осындай олқылықтың орын алуына себеп болатынын атап өтті.
***
«Nur Otan» партиясынан президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған іс-шаралар Қызылжар өңірінде де белсенді ұйымдастырылуда. Соның бірі, этномəдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Достық үйінде өткен «Бейбітшілік, бірлік, келісім – рухани жаңғырудың негізі» атты жиын болды. Алқалы басқосуда «Urpaq» қазақ мəдени-ағарту орталығының төрайымы Гүлбақша Мұсабаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Фанис Литфуллин сөз сөйлеп, қоғамдық қауіпсіздік, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықты түптамырымен жою, əлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру аса өзекті жайт екеніне назар аударды.
***
«Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысынан президенттікке үміткер Əміржан Қосанов Қостанай облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен кездесті. Іс-шарада үміткер сайлауалды тұғырнамасының басым бағыттарын нақтылап, түрлі өзекті қоғамдық мəселелерге қатысты өз ұстанымын кеңінен түсіндіріп берді. Штаб мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, өңірлік жұмыс жөнінде баяндады. Бұған қоса штабтың конференц-залында қала тұрғындарымен де кездесу өтті. Жиналған халық Əміржан Қосановтың алдағы жоспарларын өз аузынан естіп, бастамаларына қолдау көрсетті. Сондай-ақ, түрлі қоғамдық мəселелер талқыланып, сайлаушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
***
«Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы ұсынған президенттікке үміткер Сəдібек Түгелдің сенім білдірілген адамдары өңірлерде үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізе бастады. Саяси науқанды тек қазақ тілінде өткізіп жүрген ұлтжанды азаматтың сайлауалды бағдарламасы Жамбыл облысында жалғасын тапты. Жамбыл облыстық қоғамдық штабының өкілдері Тараз қаласынан бастап Т.Рысқұлов, Меркі, Сарысу, Талас, Байзақ жəне Жуалы аудандарына барып, тұрғындармен кездесті. Жергілікті халыққа С.Түгелдің сайлауалды тұғырнамасы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, насихатшылар Қордай ауданында болып, тұрғындардың үніне құлақ түріп, сайлауалды бағдарламасымен жіті таныстырды.
***
«Ақ жол» демократиялық партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаева республикалық қоғамдық штабының өкілдерімен бірге Ақмола вагон жөндеу ұжымымен кездесті. Жиынға партия төрағасы, штаб басшысы Азат Перуашев, Парламент Мəжілісі депутаттары Берік Дүйсембинов пен Кеңес Абсатиров қатысты. Президенттіктен үміткер тұңғыш əйел өзінің отандық кəсіпорындарды қолдауға бағытталған ұсыныстарын жеткізді. Кездесуде отандық кəсіпорындарға арналған салық төлемі жүйесі жəне қаржыландыруға байланысты бастамалары сөз болды. Сонымен қатар, үміткер Шортанды ауданындағы А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында болып, егіншілік саласындағы соңғы ғылыми жетістіктермен танысты.
***
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков Шығыс Қазақстан облысының еңбек ұжымдарымен кездесті. Жиында ауыл шаруашылығы саласындағы мəселелері айтылды. Сапар барысында үміткер жергілікті тауарлы сүт фермасының жұмысымен танысты. Фермада 3 мыңнан астам сауын сиырлары бар. Жылына орташа есеппен алғанда 1 сиырдан 8 мың литр сүт сауылады. Республикалық орташа көрсеткіштен 3 есе көп. Төлеутай Рақымбеков ауыл шаруашылығы саласын дамыту арқылы экспортты арттыруға болатынын атап өтті. Үміткерді Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті түлектерінің шаруашылықта жұмыс істеп жатқандары қуантты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар