Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бақтарың жансын! - АРҚА АЖАРЫ

Бақтарың жансын!

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында мектеп бітірушілердің салтанатты жиынына қатысып, жас түлектерді құттықтап, сәт сапар тіледі.

«Алтын белгі» иегерлеріне 100 мың теңгенің, үздік аттестат алған түлектерге 80 мың теңгенің сертификаттарын табыс етті. Биылғы оқу жылында облыс бойынша мектеп біртірген 4606 түлектердің 242-сі «Алтын белгі», 174 «Үздік аттестат» алды.

– Қымбатты түлектер, құрметті ата-аналар, ардақты ұстаздар бүгін бәріміз үшін ерекше күн. Күні кеше ғана тұлымшағы желбіреген қыздарымыз бен ұлдарымыз бүгін орта мектепті бітіріп, жаңа өмірге жаңа қадам басып отыр. Осы мерекемен барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын! Ағымдағы оқу жылында облысымызда 4606 түлек мектеп бітіргелі отыр. Олардың 242-сі «Алтын белгі», 174-і үздік аттестат иегері. Еліміздің болашағы білімді жастар қолында. Бұл күнде егемен елімізді бүкіл дүниежүзі елдері танып қана қоймай, абыройы асқақтаған ел ретінде мойындады. Қазақстан алып бәйтеректей жылдан-жылға көркейіп, гүлдене берсін! – деген өңір басшысы мектептен түлеп ұшқан түлектерге сәт-сапар жолдап, «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталған түлектерге ақшалай сертификаттар табыс етті.
Ағымдағы оқу жылының қорытындысы бойынша облыстық, республикалық, халықаралық зияткерлік білім сайыстарында Ақмола облысының 710 оқушысы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар арасында республикалық және халықаралық ойындарға қатысқан 18 мектеп түлегі бар. Солардың арасында «Білім-инновация» лицейінің өзін-өзі басқару ұйымының Президенті, 2017-2018 оқу жылында өткен халықаралық робототехника жарысының күміс медаль иегері, Аризона университетінің грантына үміткер Мадияр Болатбеков та бар.
– Бүгін мен үшін өте қуанышты күн. Бір жағынан алып қарағанда тәтті мұңға жетелейтін ұмытылмас, жадымда мәңгі сақталар сәттерге толы күн десе де болады. Бізге мұндай құрмет жасаған облыс басшысы Ермек Маржықпаевқа, ұлағатты ұстаздарға, лицей басшылығына зор алғыс білдіргім келеді, –дейді ол.
Мерекелік шара барысында түлектер бір-бірімен вальс биледі. Осы сәтте аспанға «Жас түлек-2019» жазуы бар мыңдаған түрлі-түсті шар ұшырылды.
Мектеп ұясынан мыңдаған қарлығаш қанат қақты кеше. Өмір көгінде білім қанаты талмасын дейміз біз де. Қоштасу балында алаңды айнала билеген мектеп түлектері мен бірге аспанда көңіл құсы шарықтап барады. Ілесіп сол көңілмен қазақтың даласында білімнің шуақ нұры себізгілеп тұрғандай еді!..
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар