Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызмет – маңызды міндет - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызмет – маңызды міндет

«Мамандықтың бәрі жақсы» деген кең таралып кеткен бір ұғым бар. Егер өзің таңдап алған мамандығың көңіліңнен шығатын болса және сол саладағы қызметіңнен қанағат сезімін тапсаң, онда сен үшін ол мамандықтың жақсы болғаны.

Мен он жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметте еңбек етіп келемін. 2009 жылы өз қызметімді қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы лауазымынан бастадым. Еңбек жолымда өзімнің аға әріптестерімнен үлгі, тәлім-тәрбие, тәжірибе алып, бүгінгі күні осы бөлімнің басшысы міндетін атқарып келемін. Өз жұмысым өзіме ұнайды. Егер көңілім қаламаса, басқа салаға әлдеқашан ауысып кеткен болар да едім. Оған әрине, мүмкіндік бар. Бірақ та, бір кезде таңдап алған осы қызмет саласы мен үшін негізгі мамандығым болғандықтан, оны ауыстыру туралы ешқашан ойлаған емеспін. Басқа салалар сияқты мемлекеттік қызметтің де өзіне тән қиындықтары мен ауыртпалықтары бар. Дегенмен, көңілің қалаған жұмысты істеген кезде, кездесетін қиындықтарды онша елей қоймайды екенсің.
Мәселен, өзім еңбек ететін еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінде халыққа қызмет көрсету сапасы мен заңнамалардың сақталуына қатаң көңіл бөлінеді. Алдыңа түрлі адамдар келіп жатады. Солардың бәрімен тіл табысып, көңілдерінен шығу оңай емес. Бас-тарына іс түсіп, көмек күтіп келген жандарға қол ұшын беріп, тіпті болмаса ақыл-кеңесіңді айту, сол арқылы көңілдерін демеу де бір ғанибет. Қиналып келген жандар сондайда риза болып, шын көңілмен алғыстарын айтып жатады. Қазақ «алтын алма, алғыс ал, алғыс алтыннан қымбат емес пе» дейді ғой. Адамдардың көңілін тауып, ақ алғыстарын алу көңіліңе қанат бітіріп, өзіңнің мына қоғам үшін қажет жұмысты атқарып жүргеніңді сезінуге әсерін тигізеді. Ал, қоғамға пайдалы іс атқарудан артық бақыт бар ма? Мемлекеттік қызмет маған несімен ұнайды дегенге дәл осы уәж арқылы жауап берсе жеткілікті болар еді. Мемлекеттік қызметте жұмысын жақсы білетін, сол саланың білікті кәсіби маманы болған адамға қызмет баспалдағымен жоғары көтерілуге мұнда барлық жағдайлар бар. Яғни, мемлекеттік қызмет саласында өз қабілет-қарымыңды бар қырынан көрсетуге мүмкіндік болады. Ал, қызмет баспалдағымен өскен сайын жалақың да жоғарылай түседі. Яғни, бәрі де тікелей өзіңе байланысты. Бұл сала маған сонысымен де ұнайды.
Мемлекетке осы салада қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер арқылы баға берілетіндігін теріске шығара алмаймыз. Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші өзінің жүріс-тұрысы мен сөзін, әрекетін, адамдармен қарым-қатынасын, тіпті киген киіміне дейін қадағалап отыруы қажет. Сөз соңында, еліміздің екпінді дамуына мемлекеттік қызметтің зор екендігін айтқым келеді.
Шынаргүл ҚАДЫРОВА,
еңбек, әлеуметтік қорғау және
көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті қаржы
және ұйымдық-техникалық қамсыздандыру бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар