Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мерекелік жәрмеңке - АРҚА АЖАРЫ

Мерекелік жәрмеңке

Елорда күніне орай, 6-7 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеушілер жәрмеңкеге 240 миллион теңгенің 220 тонна өнімін әкеліпті. Оның 100 тоннадайы ет және шұжық өнімдері болды. Сондай-ақ, 26 тоннадан астам сүт өнімдері мен 27 тонна ұн арзан бағамен сатылды.

Жәрмеңкелер қаладағы мерекелік іс-шараларға өзінше реңк берді деп айтуға болады. Өйткені, дәл осы күндері елордалықтар еліміздің барлық аймақтарынан және шет елдерден қонақтар қабылдап жатады. Мереке күндері Нұр-Сұлтандағы әр шаңырақ қонақсыз болмайды десе де болады. Осындайда жайылған дастарханға құт әкелген жәрмеңке қалай көпшілікті қуантпасын!
Сарапшылар жәрмеңке барысында табиғи таза азық-түлік астана нарығындағы бағадан 20-30 пайыз арзанға сатылып жатқанын мәлімдеді. Бұл жәрмеңке белгілі бір тауар түрлерінің басымдығымен ерекшеленді. Солтүстік өңірлерде көкөніс пен жеміс-жидектер кеш пісетіндіктен, мұнда негізінен ет, бал, сүт, қаймақ, ұн өнімдері мол болды.
Жәрмеңкеде тек сауда жасалып қана қоймай, өңірлерден келген өнерпаздар астаналықтарға арнаған концерттік бағдарламаларын ұсынды. Ақмолалық өнерпаздардың өнері де астаналықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мереке көрігін қыздыра түсті. Сонымен бірге, елордалықтарға арзан бағада азық-түлік әкелген төрт облыс аз қамтылған 150-200 отбасыға қайырымдылық акциясын өткізіп, тағы бір игі іс жасады.

Нәзира БАЙЫРБЕК.
Нұр-Сұлтан қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар