Тәуелсіз қазақ елінің тарихына алтын әріппен жазылатын ару шаһарымыз – Көкшетаудың экономикада, мәдениет пен өнерде, білім мен медицинада қолжеткен жетістіктері жиырма алты мыңдық ардагерлер қауымын да мақтаныш сезіміне бөлейді. Саналы ғұмырымыз осында өткендіктен біз өзімізді қала өмірінің әрбір қуанышты сәтінің шынайы куәгері санаймыз.
Шежіреге толы 195 жылдық тарихы бар ару шаһарымыз бүгінгі таңда өз дамуының небір қуанышты сәттерін өткізуде. Қаламыздың архитектуралық келбеті жасарып, адамдардың тұрмыс жағдайы да жақсаруда. Мұндай шынайы қамқорлықты біз зейнеткерлер күнделікті өмірімізде айқын сезінудеміз. Мерекелерге орай материалдық көмек алумен бірге, ардагерлеріміз тегін демалса, 13 санаттағы зейнеткерлер қоғамдық автокөлікте тегін жүруде.
Қарияларға көрсетіліп отырған қамқорлықтары үшін облыс әкімі Ермек Маржықпаевқа қала деңгейіндегі жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарына, еңбек ұжымдарының жетекшілеріне шынайы алғысымызды айтып, барша көкшетаулықтарды 195 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймыз. Көкшетаудың абырой даңқы өсіп, биіктерден көріне берсін!
Шияп ӘЛИЕВ,
Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.