Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ғасырлар еншісіндегі тарих беттері - АРҚА АЖАРЫ

Ғасырлар еншісіндегі тарих беттері

Әр қаланың өз шығу тарихы болады. Кейбiрiнiң тарихы ғасырлар қойнауынан бастау алып жатады. Мiне, бiздiң Көкшетауымыз да, көнеден қалған ескi шаһар болмаса да, бiр жарым ғасырлық тұтас бiр дәуiрдi артқа тастаған екен. Оның ресми пайда болған уақыты –1824 жыл.

Бiрнеше буын ақын-жыршыларға шабыт сыйлап, жырларына арқау болған сол Көкшетау бiздiң ұйытқымыз болып, өз тарихын ары қарай жалғастырып келедi. Көкшетау – киелi мекен, бұл киелi мекенде бой көтерген қала да сол киелi топырақтан нәр алып, оның өзiне ғана тән ерекшелiктерiн бойына сiңiрген.
ХIХ ғасырдың аяғында станицада 30 орындық шағын аурухана салынады. Оның ремиссары болып колледж хатшысы Аншыпу тағайындалды. Аншыпу Көкшетаудың ең бiлiмдi, сауатты адамдарының бiрi болыпты. Ол тек көшiп келгендердiң ғана емес, жергiлiктi халықтың да ем алуына жағдай жасау үшiн аянбай еңбек етедi. Сонымен қатар, станицада дәрiхана да салынады. Оның иесi iрi кәсiпкер Березин болатын. Бұл дәрiхана қазiргi күнi «Тұмар» ЖАҚ дәрiханасының орнында орналасқан (бұрынғы №1 дәрiхана).
Тарихшылардың айтуынша, Көкшетауда көп қабатты үйлердің салынуы ХХ ғасырдың бас кезiнде орын алған. 1904 жылы салынған көпес Смуровтың үйi – алғашқы екi қабатты құрылыс үлгiлерiнiң бiрi. Қазiргi күнi бұл үйде Өлкетану музейi орналасқан.
1919 жылдың 11 желтоқсанында медициналық, санитарлық-эпидемиялық, фармацевтикалық бөлiмшелерi бар денсаулық қорғау бөлiмi ашылады. Сол жылдың 15 желтоқсанында Халық үйi ашылған. Мұнда төрт секция жұмыс iстейтiн: кiтапхана секциясы, дәрiс секциясы, музыкалық-вокалдық және драмалық секциялар. Секциялар спектакль, концерт, дәрiстердi ұйымдастыратын. Халық үйiнiң жанында пианино, скрипка және үрлемелi аспаптар музыкалық мектептерi ашылады. Мектептерде 6 оқытушы сабақ берiп, 180 оқушы бiлiм алады.
1920 жылы Көкшетауда халық бiлiмi бөлiмiнiң бастамасымен өлкетану музейi құрылды. Оның экспозициялық негiзiн түрлi құнды жәдiгерлер – ескi қару-жарақтар, шығыс мәдениетiнiң жәдiгерлерi құрады. Жергiлiктi атқарушы комитеттiң бiр топ қызметкерлерi – Пригожий, Жуков және т.б. бұл музейдiң негiзiн қалаған болатын. Музей жетекшiлiгiне И.Н.Ульяновтың әскердегi қатарласы, В.И.Лениндi гимназия кезiнен жақсы танитын И.С.Хохлов есiмдi азамат шақыртылады.
1920 жылы қалада Көкшетау уездiк ұйымдастырушылық бюро және революциялық комитет органы «Красный пахарь» газетiнiң бiрiншi саны жарыққа шықты. Газет орама қағаз бетiнде, аз таралыммен басылды.
1920 жылдың 5 маусымында В.И.Лениннiң ұсынысы бойынша РКФСР Совнаркомы Петропавловск-Көкшетау темiржолын салу туралы шешiм қабылдады. Ол бай ауыл шаруашылық өлкенi игеруге көмек бередi деп есептелдi. В.И.Ленин өзi жеке темiржол құрылыс жұмыстарын бақылауда ұстады, оны ерекше маңызды нысан деп танып, басты азық-түлiк темiржол тiзбегi деп атады. Сонымен, 1922 жылдың 2 маусымында қала тұрғындары алғашқы паровозды қарсы алды.
1923 жылы Көкшетауда орыс педагогикалық техникумы құрылды, бұл техникум 1928 жылы қазақ педучилищесiне айналды. 1923 жылдың аяғында қызықты оқиға орын алды, көкшетаулық И.Савельев «Казак» жазу машинкасын ойлап тапты. Орынбордағы (сол кездегi республика астанасы) сарапшылар комиссиясы бұны сол кездегi американдық құрылымдармен салыстырғанда ең үздiк өнертабыс деп бағалады. Көп ұзамай өнертапқыш Ақмолалық губисполком тарапынан дәл сондай 20 машинка жасап шығаруға тапсырыс алды. Бiздiң жерлесiмiздiң жасап шыққан жазу жүйесi аз уақытта мамандардың назарын аудартып, ұзақ уақыт халыққа қызмет еттi.
1925 жылы алғашқы сатыдағы 6 мектеп жұмыс iстедi, оның бiрi қазақ мектебi, бiрi татар мектебi болса, төртеуi орыс балаларын оқытты. Сонымен қатар, жетi жылдық орыс мектебi ұйымдастырылды. Барлық мектептерде 1212 адам бiлiм алып, 32 мұғалім жұмыс iстедi.
1925 жылы тұңғыш рет Халық үйi ғимаратында алғаш радиоқабылдағыш орнатылды. 1927 жылы алғаш радиотiзбек өз жұмысын бастады. 1929 жылы шарап зауыты және механикалық зауытпен қатар, кондитерлiк өнiмдердi өндiруге мамандандырылған «Рассвет» артелi құрылды. Қала тұрғындары арасында «подушечки» деп аталып кеткен карамельдер ерекше сұранысқа ие болды. Артель қалалық iшкi iстер бөлiмi ғимаратының орнында, Горький көшесiнде (қазіргі Н.Назарбаев даңғылы) орналасты.
«Прогресс» артелi аяқ киiм кремi, желiм, ыдыс-аяқ, қыш өнiмдерi сияқты заттарды өндiрдi. Сонымен қатар, қалада ағаш бөшкелер жасайтын күбiшiлер артелi де жұмыс iстедi. 1932 жылы тiгiн iсiмен айналысатын «Красный ломовик», одан сәл кешiрек «Красное знамя» артелi құрылды. Жыл сайын 14 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Зерендi тас жолының бойында ұйымдастырылып отырған жәрмеңкелер қаланың бойына қан жүгiрттi. Көп ұзамай ол жалпақ елге танылып, мұнда Петропавл, Қорған, Омбы, Семей, Ақмола, Қарқаралыдан көпестер ағыла бастады.
Қаламыздың өткенi мен тарих беттерiне түсiп жатқан бүгiнгi күнi туған жеріне адал қызмет еткен адамдардың ерен еңбегiнiң арқасында жасалып жатыр.
1974 жылы қаланың 150 жылдық мерейтойына орай, «Көкшетау қаласының құрметтi азаматы» атағы бекiтiлдi. Оны алғаш иеленгендер – қоғам қайраткерi,
ҚазССР Еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi Е.В.Куйбышев, құрылғы жасау зауытының ардагерi, КСРО құрылғы жасау iсiнiң үздiгi М.Әбілқасымов сияқты азаматтар болды.
Осылайша күнделiктi күйбеңiмен, қызу еңбегiмен бiздiң туған қаламыз тыныс алып, өмiр сүрiп келедi. Ол бiзбен бiрге қуанады, бiзбен бiрге мұңаяды, өйткенi, қалалар да адам сияқты, олардың өзiндiк келбетi мен тұлғасы, қайталанбас тарихы болады.

Интернет материалдарынан
алынып дайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар