Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Гүлденіп, көркейе бер, Көкшетауым! - АРҚА АЖАРЫ

Гүлденіп, көркейе бер, Көкшетауым!

Өзін елінің шынайы патриоты санайтын әр азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі ең алдымен өзі туған жерге деген сүйіспеншілігінен, тарихы мен салт-дәстүріне деген қызығушылығы мен құрметінен бастау алары сөзсіз. Өз халқыңның басынан кешкен тарихын танып-білмей, болашақты болжау, бүгінгі заман талабына терең бойлау мүмкін емес.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Туған жер – туған ел» бағытын жүзеге асыру аясында Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Көкшетау қаласының тарихы музейі бірқатар танымдық жобаларды жүзеге асыруда.
Көкше өлкесі – тарихи оқиғалар мен аттары аңызға айналған біртуар тұлғалар: ел қорғаған батырлар, ақын-жыраулар, би-шешендер дүниеге келген киелі мекен. Қопа көлінің оңтүстік жағалауы мен Бұқпа шоқысының етегінде, табиғат сұлулығы қайталанбас аймақта орналасқан Көкшетау қаласының құрылғанына биыл 195 жыл. Ақмола облысының әкімшілік орталығы болып табылатын қаламыздың мерейтойына орай музей қызметкерлері арнайы жоспарланған түрлі форматтағы танымдық іс-шараларды ұйымдастырды. Атап айтар болсақ, көрікті қаламыз бойынша автобустық экскурсиялар, қаламыздың құрылғанынан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму жолынан мағлұмат беретін жылжымалы фотокөрмелер, кездесулер, дәрістер, байқаулар, экспозициялық залдар бойынша қызықты экскурсия-лар көпшілік көңілінен шықты деп ойлаймыз.
Солардың бірі – Степногорск қаласының тарихи-өлкетану музейінде 20-25 маусым аралығында өткен «Туған өлкем – көрікті Көкшем» атты жылжымалы көрме. Көрме экспозициясы арқылы Степногорск қаласының тұрғындары мен қонақтары Көкшетау қаласының құрылу тарихы, экономикасы, өндірістік кәсіпорындары, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, спорт салаларының дамуы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің нығаюы жылдары көптеген өзгерістерге ұшыраған бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы мағлұмат алды. Көпшілік назарына ұсынылған дәстүрлі қолөнер шебері Смағұл Кенжебай, ағаш шебері Е.Макенов, тері мен металл шебері Р.Шәріповтың бірегей туындыларымен қатар, Көкшетау қаласының балалар көркемсурет мектебі түлектерінің заманауи қаламыздың келбетіне көрік беріп тұрған Науан хазірет атындағы ақшаңқай мешіт, Достық үйі ғимараты, жаңа шіркеу, «Тәуелсіздік» алаңы және тағы басқа көрікті жерлер бейнеленген картиналары көпшілік қауымды тамсандырып, рухани ләззат сыйлады.
Көкшетау қаласының құрылу және даму кезеңдеріне қызығушылық танытып, туған жеріміздің шежірелі тарихына тереңірек бойлауға ниетті жерлестеріміз бен қала қонақтары үшін музейіміздің есігі әрдайым айқара ашық!

Күнсұлу Нұрғалиева,
Көкшетау қаласының тарихы
музейінің ғылыми қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар