Американдықтардың ынтасы

АҚШ ғалымдары Шортанды ауданын-дағы А.Бараев атындағы Ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында болды. Сапар барысында шетелдік делегация аталмыш орталықтың бас директоры Кенже Абдуллаевпен кездесіп, мал азығын дайындау саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады және сынақ өткізілетін егіс алқаптарын көрді.

Кездесуде орталық басшысы америкалық әріптестермен аграрлық салада ынтымақтастық орнатудың маңызды екендігін атап өтті. Сонымен қатар, шетелдік ғалымдарды кәсіпорынның негізгі қызметінің бағыттары мен зерттеулердің ғылыми-тәжірибелік нәтижелерімен таныстырды. Делегация мүшелеріне Солтүстік Қазақстандағы мал азығы өндірісінің дамуы баяндалып, астық дақылдарының сапасын бағалау қондырғылары мен тәсілдері көрсетілді.
Орталықтың нақты егіншілік полигонын онлайн режимде басқару процесімен танысқан делегация мүшелері жобаның мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Жаңа технологияларды пайдалануға негізделген нақты егіншілік жүйесі өнімділікті арттырып, шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Аталған жоба процестерді оңтайландырып, автоматтандырады. Бұл тиімділік пен өнім сапасының артуына жол ашады. 2018 жылдан бері орталықта өндіріске ақылды технологиялар мен цифрландыруды енгізуді қарастыратын нақты егіншілік жобасы іске асырылып келеді. Бұл – егін түсімінің 2,5 есе артуына мүмкіндік беріп отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар