Австриялықтар  шаруаның бір жағынан шығысады

Ынтымақтастық

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «AAC» компаниясы өнімдерімен Біржан сал ауданында «Қойтас» ет-сүт агрокластерін құру жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады.

Кездесуде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа және заманауи селекциялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.

«Қойтас» жобасы өңірдің мал шаруашылығы әлеуетін нығайтуға және ет-сүт өнімдерінің өндірісін арттыруға бағытталған. «Saryarka Agro Group» ЖШС симментал тұқымды 10 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы, тәуліктік қуаты 100 тонна сүт зауыты және ауысымына 100 бас мал етін өңдейтін ет комбинатының құрылысына  инвестиция салады. Австриялық серіктестердің қолдауы облысқа асыл тұқымды мал шаруашылығын ұйымдастыруда, салаға заманауи технологияларды енгізуде және өндіріс тиімділігін арттыруда ең озық тәжірибені қолдануға мүмкіндік береді.

– Қорғалжын, Ерейментау және Біржан сал аудандарының ет кластерін дамытуға, осы заманғы бордақылау алаңдары мен өнімді қайта өңдейтін кәсіпорындар құруға әлеуеті зор. Өңіріміздің географиялық жағынан қолайлы орналасуы және Астана агломерациясының құрамына енуі сырттан инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасауда. Біз инвесторларға көзделген жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетуге, туындаған мәселелерді шешуге қажетті жағдай жасауға әрқашан дайынбыз, – деп атап өтті өз сөзінде Марат Ахметжанов.

«AAC» компаниясының бас директоры Герман Визер өз тарапынан австриялық технологиялар мен консалтингтік қызметтер ауыл шаруашылығының тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыруға ықпал ететінін жеткізді. Цифрландыру тыңайтқыштарды пайдалануды оңтайландыруға, өнімділікті арттыруға және өндірістік процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Ал, мал шаруашылығындағы осы заманғы шешімдер жануарлардың жағдайын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді. Австриялық аграршылар осы бағыттағы тәжірибелерімен және әзірлемелерімен ақмолалық әріптестерімен бөлісуге дайын.

Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті мемлекеттік органдарға жобаның іске асырылуын ерекше бақылауға алуды және инвестормен бірлесіп, осы жобаға қатысты барлық мәселені одан әрі пысықтауды тапсырды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар