Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкімнің ісіне жақсы баға берілді - АРҚА АЖАРЫ

Әкімнің ісіне жақсы баға берілді

Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясында облыс әкімі Ермек Маржықпаев өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.

Сессияның жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бәйімбетов қатысып отырды.

Депутаттар алдында есеп берген облыс әкімі Ермек Маржықпаев өз қызметінің төрт айлық кезеңінде атқарылған істерге және алдағы міндеттерге кеңінен тоқталды.
– Облыс әкімі болып тағайындалған 4 айдың ішінде облыстың барлық өңірлерінде болып, әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысына назар аудардым. Құрылыс алаңдары мен инфрақұрылымның және жолдардың бүгінгі күнгі жағдайымен таныстым. Жұмыс сапарларымда біраз түйіткілді мәселелерге қанықтым, алдағы уақытта бұл мәселелерді қаржылық мүмкіндігімізше шешетін боламыз, – деді облыс басшысы.
Сессияда айтылғандай, облыстың даму көрсеткіші бір қалыпты сақталуда. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудағы межеленген көрсеткіштерге қол жеткізілді. Әсіресе, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласында өсімі қамтамасыз етілді.
Жыл басынан бері әлеуметтік-өндірістік, шағын және орта бизнес салаларында 100-ден астам жаңа нысан ашылды. Биылғы жылы кәсіпкерлік субъектілеріне 6,6 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Осы бағытта 1000-ға жуық адам шағын несие
алады, оның басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұратындар. Сонымен қатар, кәсіпорындарда қосымша 4 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
– Экономика өсімінің драйвері ретінде облыста 100-ден астам әлеуетті жобалар жүзеге асырылуда. Индустрияландыру картасы шеңберінде 5 жобаны, одан тыс 118 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – деді Ермек Мыржықпаев.
Өз сөзінде облыс басшысы инвесторларды қолдау қажеттігі жөнінде ерекше айтып өтті. Жарты жылдың қорытындысына сәйкес, облысқа 125 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сырттан тартылған инвестиция көлемі 12 миллиард теңгені құрап, 1,8 есеге артқан. Облыс басшысы инвестиция тарту көрсеткіші еліміздің өзге облыстарымен салыстырғанда сәл артта қалып келе жатқанын айтты. Жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті жақсарту шаралары қарастырылатын болады.
– Елбасының тапсырмасына сәйкес инвес-тиция тарту үшін кешенді «экожүйе» құру бағытында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Kazakh Invest өңірлік өкілдігі бірлесіп, бірыңғай өңірлік «фронт-кеңсе» ашуды жоспарлап отыр. Бұл инвесторлар мен бизнесмендерге «бір терезе» қағидасы бойынша бір жерден кешенді қызмет алуға мүмкіндік береді, – деді облыс басшысы.
Ауыл шаруашылығы саласының дамуына қатысты облыс әкімі «қарапайым заттар экономикасы» жобасы шеңберінде қайта өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы құны 82 миллиард теңге болатын 69 әлеуетті жоба таңдалып алынғандығын атап өтті. Бүгінгі күні жалпы құны 2,8 миллиард теңгенің 10 жобасы мақұлданған. Бұл жағынан алғанда облыс республика бойынша алдыңғы қатарда тұр.
2019 жылы 500 мың шаршы метр немесе 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілуі тиіс болса, қазір олардың 2,3 мыңнан астамы пайдалануға берілген. Тұрғын үйлерді салу қарқыны арта түскен. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп пәтерлі 35 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Әкімнің есебін талқылауға қатысқан «Nur Otan» партиясы Есіл аудандық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Әнел Ерденова, «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Әсен Жақсылықов өңірде атқарылып жатқан істерге жоғары баға берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар